Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен
2018 жылғы 4 қазанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, 1998 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық туралы келісімді, сондай-ақ ұлттық заңнамаларды және қатысушылары екі Тараптың мемлекеттері болып табылатын, халықаралық шарттарды басшылыққа ала отырып, кедендік бақылаудың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін дамытуда халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын мойындай отырып, сауда-саттықты ынталандыру жөніндегі шараларды енгізу, кедендік декларацияны алдын ала беру ретінде, сондай-ақ кедендік рәсімге/кедендік режимге тауарларды орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасауды жеделдету арқылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау қажеттігін ескере отырып, Тараптар мемлекеттері арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында электрондық ақпарат алмасу арқылы кедендік ынтымақтастықты белсендіру қажеттігін мойындай отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаты үшін пайдаланылатын терминдер мыналарды білдіреді: «кедендік бақылау нәтижелерін өзара тану» - Тараптардың осы Келісімге қосымшада көрсетілген тауарлар санатына келіскен шекара арқылы кесіп өтуге арналған өткізу пункттерінде орналасқан, оларға қатысты кедендік жете тексеруді (тексеруді) жүргізбестен кедендік бақылауды жүзеге асыратын межелі мемлекеттің кеден органдары лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттері; «сәйкестендіру құралдары» - тауарларға рұқсатсыз қол жеткізуді, сондай-ақ тауарға Ілеспе құжаттарын ауыстыру және бұрмалауды болдырмау Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары салатын, түсіретін не шығарған пломбалар, мөрлер, цифрлы, әріптік таңбалар, сәйкестендіру белгілері, мөртабандар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|