Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 44 бұйрығымен 2022 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидалары бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ 2015 жылғы 1 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ 2015 жылғы 20 шілде
Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-1/582 бұйрығымен бекітілген
Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|