Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 333 «Фармацевтикалық және медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 маусымдағы № 142 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 333 «Фармацевтикалық және медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3397 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті» деген 3-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастырылуын; 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|