«Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы»; «1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысаны; 2) осы бұйрыққа 4 - қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шартының нысаны; 3) осы бұйрыққа 5 - қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы үлгілік шартының нысаны бекітілсін.»; 1, 2 және 3 - қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын; осы бұйрыққа 4 және 5 - қосымшаларға сәйкес 4 және 5 - қосымшаларымен толықтырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|