Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2018 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 246 қаулысымен бекітілген
Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады: 1) абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі - АҚА) - абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, электрондық почталық мекенжайы, почталық мекенжай, жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін деректемелер (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер, деректерді беру желісіндегі абоненттердің мекенжайы мен деректерді беру желісіндегі интернет-ресурстарға кірудің мекенжайы, интернет-ресурсты сәйкестендірушілер, деректерді беру желісінің хаттамалары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|