«Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есептілік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есептілік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32567 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының екінші абзацына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақтың 13) тармақшасы алып тасталсын; 1-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өткізілген консультациялар бойынша есеп;»; 13-қосымшасы алып тасталсын; 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|