Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 Қаулысы (2017.15.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2017.15.05. № 264 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасынын Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ғылыми зерттеулерді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен базалық қаржыландыру, сондай-ақ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін айқындайды. 2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыру әрбір нысан бойынша жеке шарт жасаса отырып, қаржыландырудың әртүрлі нысандары бойынша бір мезгілде жүзеге асырыла алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|