Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы (2020.16.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киімді киіп жүру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.16.03. № 217 бұйрығымен киім үлгілері жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығына 1-қосымша
Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілері
1-сурет Қысқа жеңді жейде 2-сурет Ұзын жеңді жейде Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|