Осы редакция 2018 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 329 бұйрығына 2-қосымша
«Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттіккөрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижеcін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге, құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: лицензияны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияның телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттiк қызметтiң нысаны - электрондық/қағаз түрiнде. 6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты және (немесе) импортына лицензия беру, қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|