ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы (2021.26.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 8-тармағына сәйкес сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ереже; 3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымы; 4) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құрылымы; 5) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті біліктілік сыныптарының тізбесі («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен); 6) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 22 шілде
№ 74
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|