Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 124 - бабы 3 - тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 - бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» № 167 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 32560 болып тіркелген) бұйрығына, Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 5/71-VII «Түркістан облысы әкімдігінің «Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы» қаулысының жобасын келісу туралы» шешіміне сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Учаскелік комиссиялар туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі: 1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақтан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|