Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2016.27.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 12-бабы 4-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары; 2) осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес, Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы нормативтік қаулыға 3-қосымшаға сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 3. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы нормативтік қаулының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|