<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 155-VIII Заңы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 11-ө Өкімін қараңыз

 

1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) 32-баптың екінші бөлігі:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін» деген сөздердің алдынан «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын,» деген сөздермен толықтырылсын;

1) тармақшаның үшінші абзацы 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

«құқығынан айыру» деген сөздерден кейін «, қоғамдық жұмыстарға тарту» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) 33-бапта:

тақырып «адвокаттардың,» деген сөзден кейін «заң консультанттарының,» деген сөздермен толықтырылсын;

бірінші бөлік «адвокаттар,» деген сөзден кейін «заң консультанттары,» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) тармақша 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

3) 41-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) қоғамдық жұмыстар;»;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) тармақша 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

4) 42-баптың бірінші бөлігі «қамаққа алу» деген сөздерден кейін «, қоғамдық жұмыстар» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) 44-бапта:

5) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

бірінші бөліктің екінші абзацы 13) тармақшасындағы «құнының пайызымен көрсетіледі.» деген сөздер «құнының;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алуға арналған шығыстарының көрсетілген мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздерінің сомасынан асып кетуі мен айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшері арасындағы айырманың пайызымен көрсетіледі.»;

екінші бөліктің екінші абзацы «адвокатқа,» деген сөзден кейін «заң консультантына,» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) тармақша 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

6) мынадай мазмұндағы 49-1 және 49-2-баптармен толықтырылсын:

«49-1-бап. Қоғамдық жұмыстар

1. Сот қоғамдық жұмыстарды жеке тұлғаларға қатысты қолданады.

2. Сот әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаның келісімі болған кезде қоғамдық жұмыстарды қолданады.

3. Қоғамдық жұмыстар әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның өзінің тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады.

4. Қоғамдық жұмыстар сағатпен есептеледі және он сағаттан бір жүз сағатқа дейінгі мерзімге белгіленеді.

Қоғамдық жұмыстарды орындау күніне бір сағаттан кем болмауға және төрт сағаттан аспауға тиіс.

Қоғамдық жұмыстар жұмыстан және оқудан бос уақытта орындалады.

5. Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын адамдар қоғамдық жұмыстарды күніне кемінде бір сағат және сегіз сағаттан асырмай, бірақ аптасына қырық сағаттан асырмай орындайды.

6. Қоғамдық жұмыстарды орындаудың жалпы ұзақтығы төрт айдан аспауға тиіс.

7. Қоғамдық жұмыстар:

1) жүкті әйелдерге;

2) үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге;

3) үш жасқа дейінгі жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлерге;

4) он сегіз жасқа толмаған адамдарға;

5) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

6) елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге;

7) алпыс үш жастағы және ол жастан асқан ерлерге;

8) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылмайды.

8. Қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңінде осы баптың жетінші бөлігінде көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда, сот жергілікті атқарушы органдардың өтінішхаты бойынша мұндай адамды қоғамдық жұмыстарды орындаудан босатады.

49-2-бап. Қоғамдық жұмыстардан жалтару

1. Мынадай:

1) қоғамдық жұмыстарды тағайындау туралы сот қаулысын орындау үшін жергілікті атқарушы органның шақыруы бойынша дәлелсіз себептермен келмеген;

2) қоғамдық жұмыстарды орындауға кірісуден бас тартқан;

3) ұйымға қоғамдық жұмыстарды орындау мерзімі ішінде екі реттен артық дәлелсіз себептермен келмеген;

4) қоғамдық жұмыстарды орындауға келіп, қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық куәландырумен расталған алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болған және (немесе) жүрген;

5) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге дәлелсіз себептермен кеткен адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған адам деп танылады.

Ескертпе. Құқық бұзушының сырқаттанып қалуы және оны қоғамдық жұмыстарды орындау үшін уақтылы келу мүмкіндігінен айыратын, құжатпен расталған басқа да мән-жайлар оның қоғамдық жұмыстарды орындау үшін белгіленген мерзімде келмеуінің дәлелді себептері деп танылады.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) 50-баптың бірінші бөлігіндегі «төтенше жағдайлар режимі» деген сөздер «төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) 57-баптың 9) тармақшасындағы «зілзала жағдайларында немесе басқа да төтенше жағдайлар» деген сөздер «зілзала, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кездерінде не басқа да төтенше мән-жайлар» деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) 62-бапта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

1-баптың 9) тармақшасының үшінші абзацының қолданысы 2025 ж. 1 қыркүйекке дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылады

«2. Жеке тұлға лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны, қоғамдық жұмыстардан жалтарғаны, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, бәсекелестікті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар жасағаны, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, мемлекеттік құпиялар, табиғи монополиялар, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, дербес деректер және оларды қорғау, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін, сондай-ақ техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау рәсімдерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

«2-1. Жеке тұлға салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласында, кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін ол жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) салық салу саласындағы, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен ескіру мерзімі бес жыл болып белгіленген заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) тиісінше салық салу саласындағы, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;

бесінші бөлікте:

бірінші абзац «жіберілген кезден бастап» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ одан әрі іс жүргізілуіне кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші абзац «жеткізілген» деген сөзден кейін «, сондай-ақ еңсерілмейтін күштің әсері тоқтаған» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші абзац алып тасталсын;

9) тармақшаның он алтыншы абзацы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

сегізінші бөліктегі «Жоғарғы Сот Төрағасының, Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының» деген сөздер «кассациялық сот төрағасының» деген сөздермен ауыстырылсын;

ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескертпелер.

1. Осы бөлімнің Ерекше бөлігінің бабында көзделген белгілі бір іс-әрекеттің бірыңғай құрамының үздіксіз жүзеге асырылуымен сипатталатын және анықталған кезінде аяқталмаған әкімшілік құқық бұзушылық созылып кеткен бұзушылық деп танылады.

2. Іс бойынша одан әрі іс жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсері деп осы жағдайлар кезіндегі төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайларды (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және сол сияқтылар) түсінген жөн.»;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) тармақша 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

10) 66-баптың үшінші бөлігіндегі «қамаққа алуды» деген сөздер «қамаққа алу мен қоғамдық жұмыстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) тармақша 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

11) 73-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы «не» деген сөзден кейін «жиырма сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацындағы «он тәулікке» деген сөздер «қырық сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не он тәулікке» деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) 79-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:

«он» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«адвокаттарға,» деген сөзден кейін «заң консультанттарына,» деген сөздермен толықтырылсын;

«жиырма» деген сөз «алпыс» деген сөзбен ауыстырылсын;

«отыз» деген сөз «бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жетпіс» деген сөз «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацында:

«елу» деген сөз «бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жетпіс бес» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бір жүз» деген сөздер «үш жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

«екі жүз» деген сөздер «алты жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің екінші абзацында:

«елу» деген сөз «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бір жүз, орта» деген сөздер «үш жүз, орта» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бір жүз елу» деген сөздер «төрт жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;

«екі жүз» деген сөздер «алты жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктің екінші абзацында:

«бес жүз» деген сөздер «жеті жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жеті жүз» деген сөздер «бір мың» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бір мың» деген сөздер «екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13) 85-бап алып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14) 91-бапта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзацтағы «, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы шарттар жасасу тәртібін» деген сөздер алып тасталсын;

екінші абзацтағы «төрт жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;

он бірінші және он екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бермеуі және (немесе) уақтылы бермеуі -

жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

12. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне анық емес және (немесе) толық емес есептілікті, мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) беруі -

жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескертпелер.

1. Осы баптың бірінші және он екінші бөліктерінің мақсаттары үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) осы баптың бірінші және он екінші бөліктерінде жауаптылығы көзделген бұзушылықтарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жол берілген бұзушылық туралы хабарламасы алынған күнге дейін өз бетінше жойған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

2. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болған заңға сәйкес белгіленетін бір айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

3. Осы баптың он бірінші бөлігінің мақсаттары үшін жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты беру мерзімдері аяқталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты берген жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15) 93-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

бесінші бөлікте:

бірінші абзацтағы «ескерту жасалғаннан» деген сөздер «әкімшілік жаза қолданылғаннан» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацта:

«шағын» деген сөз «лауазымды адамдарға, шағын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жиырма, орта» деген сөздер «қырық, орта» деген сөздермен ауыстырылсын;

«отыз» деген сөз «алпыс» деген сөзбен ауыстырылсын;

«бір жүз жиырма» деген сөздер «екі жүз қырық» деген сөздермен ауыстырылсын;

алтыншы бөлікте:

бірінші абзац «орындамауы және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;

екінші абзацта:

«шағын» деген сөз «лауазымды адамдарға, шағын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жиырма» деген сөз «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;

«отыз» деген сөз «алпыс» деген сөзбен ауыстырылсын;

«сексен» деген сөз «бір жүз жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;

жетінші бөліктің екінші абзацында:

«шағын» деген сөз «лауазымды адамдарға, шағын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«қырық» деген сөз «сексен» деген сөзбен ауыстырылсын;

«алпыс» деген сөз «бір жүз жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бір жүз жиырма» деген сөздер «екі жүз қырық» деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16) 94-баптың екінші абзацындағы «ескерту жасауға немесе» деген сөздер алып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17) 95-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:

«отыз бес» деген сөздер «алпыс» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жетпіс» деген сөз «бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бір жүз қырық» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацында:

«жетпіс» деген сөз «бір жүз жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бір жүз қырық» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

«екі жүз сексен» деген сөздер «төрт жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18) 96-бапта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзац «туралы» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші абзацта:

«жетпіс» деген сөз «бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бір жүз бес» деген сөздер «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бір жүз қырық» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацында:

«бір жүз қырық» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

«екі жүз он» деген сөздер «үш жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

«екі жүз сексен» деген сөздер «төрт жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19) 100-бап алып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20) 153-баптың ескертпелерінде:

1-тармақта:

«бір мың» деген сөздер «екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын;

орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

3-тармақтағы «бір мың» деген сөздер «екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

21) 154-баптың тақырыбы мен бірінші абзацындағы «заңнамасында» деген сөз «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22) 158-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«158-бап. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану»;

бірінші абзацта:

«көрсету белгісін немесе» деген сөздер «көрсету белгісін, географиялық нұсқаманы,» деген сөздермен ауыстырылсын;

«сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану,» деген сөздер алып тасталсын;

екінші абзац «көрсету белгісі,» деген сөздерден кейін «географиялық нұсқама,» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

23) тармақша 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

23) 164-бапта:

бірінші бөліктің бірінші абзацы «авиация саласында» деген сөздерден кейін «, су қорын пайдалану және қорғау саласында» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «уәкілетті органға» деген сөздер «уәкілетті орган мен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктің бірінші абзацы «авиация саласында» деген сөздерден кейін «, су қорын пайдалану және қорғау саласында» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

24) 169-бапта:

оныншы бөліктің бірінші абзацындағы «жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуге лицензиясы жоқ» деген сөздер «және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуді және (немесе) химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіруді жүзеге асырмайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;

он бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «биоотын нарығының қатысушылары» деген сөздер «биоотын нарығына қатысушылар мен химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндірушілер» деген сөздермен ауыстырылсын;

он екінші бөліктің бірінші абзацындағы «биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуге лицензиясы жоқ» деген сөздер «биоотын нарығына қатысушылар болып табылмайтын және (немесе) биоотын өндіруді және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуді және (немесе) химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіруді жүзеге асырмайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

25) 170-бапта:

жетінші бөліктің екінші абзацындағы «аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып,» деген сөздер алып тасталсын;

он екінші бөліктің екінші абзацындағы «және аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып» деген сөздер алып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

26) 173-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«173-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу

1. Осы Кодекстің 164-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының, квазимемлекеттік сектордың, табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан, өзге де ұйымдардың заңсыз актілер шығару, заңсыз тапсырмалар беру, құқыққа сыйымсыз шешімдер қабылдау, сол сияқты заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін әрекеттер (әрекетсіздік) жасау арқылы дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -

бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.».

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

27) 175-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«175-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзу

1. Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:

1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы;

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 3-тармағында көзделген тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіздердің болмауы;

3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;

4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізу туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабардар ету мерзімдерінің сақталмауы;

5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 151-бабында көзделген шектеулерді бұзу;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тергеп-тексеру жүргізу тәртібін бұзу;

7) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 149-бабында көзделген өнім үлгілерін іріктеу тәртібін бұзу;