Осы редакция 2017 жылғы 20 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 192 қаулысымен бекітілген
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз нысанда ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібін сипаттау
4. Еркін нысандағы өтініш мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы өтінішті қабылдап, рәсімдеп, 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттарды қарастыру және рәсімдеу үшін жолдайды; 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы: орман орналастыру материалдары мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігін қарастырады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|