|
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының техникалық қызмет көрсетуді және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының нормативтерін бекіту туралы
Осы редакция 2024 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 40-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереже 15-тармағының 39-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының техникалық қызмет көрсетуді және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының нормативтері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 3 шілдедегі № 58/қе бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының техникалық қызмет көрсетуді және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|