Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін, кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Тізбенің 3-тармағының төртінші, бесінші, жиырмасыншы, жиырма үшінші, жиырма бесінші, отыз бесінші, отыз тоғызыншы, қырық алтыншы, қырық сегізінші, елу төртінші, алпыс үшінші, алпыс жетінші, алпыс тоғызыншы, және жүз төртінші абзацтарын және Тізбенің 2-тармағын қоспағанда, 2024 жылғы 15 наурыздан бастап күшіне енетін және ресми жариялануға жататын осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІМДІ» Қазақстан Республикасының Көлік министірлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1321 бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|