2021-2023 жылдарға арналған Қызылөзек ауылдық округінің бюджеті туралы (2021.22.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қызылорда қалалық мәслихатының 2021.08.02. № 15-3/7 шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.22.10. № 77-12/7 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. 2021-2023 жылдарға арналған Қызылөзек ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер – 75 171,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 7 481,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0; трансферттердің түсімдері – 67 690,0 мың теңге; 2) шығындар – 79 057,2 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 886,2 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 3 886,2 мың теңге; қарыздар түсімі – 0; қарыздарды өтеу – 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 886,2 мың теңге. 2. Қалалық бюджеттен Қызылөзек ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2021 жылға - 60 695 мың теңге, 2022 жылға - 62 021 мың теңге, 2023 жылға - 63 089 мың теңге сомасында бекітілсін. 3. 2021 жылға арналған Қызылөзек ауылдық округі бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 4. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|