|
|
|
Қазақстан Республикасының (2019.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1. 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., №20-21, 89-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 32-құжат; №15, 71-құжат; №24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №2, 21-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №17, 136-құжат; №21, 161-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №3, 26-құжат; №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; №12, 83-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №5-6, 30-құжат; №7, 36-құжат; №9, 51-құжат; №12, 57-құжат; №13, 62-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №11, 65-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №7, 33-құжат; №10, 50-құжат; №19-II, 102-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-V, 156-құжат; №23-II, 170-құжат): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 103-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «103-1-бап. Химиялық кастрациялау»; 2) 95-баптың 4-тармағы 5) тармақшасындағы «негіздер болған кезде жол беріледі.» деген сөздер «негіздер болған кезде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) азаматта психикалық ауытқушылықтар мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділік анықталған кезде жол беріледі.»; 3) мынадай мазмұндағы 103-1-баппен толықтырылсын: «103-1-бап. Химиялық кастрациялау 1. Химиялық кастрациялау - медициналық ұйым сот шешімі негізінде жүзеге асыратын, жыныстық құмарлықты азайтатын препараттарды қабылдау. 2. Пайдаланылатын дәрілік препараттың түрін, оны сот белгілеген қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасының қолданылу мерзімі шеңберінде енгізу кезеңділігін, сондай-ақ аталған шараны қолдану тәртібін Бас прокуратурамен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.». 2. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №22, 174-құжат; 2012 ж., №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 13-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 72-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №6, 28-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 128-құжат; 2015 ж., №10, 50-құжат; №20-VII, 115-құжат; №23-ІІ, 170-құжат): 1) мазмұнында: 4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-бөлім. Қорғаншылық немесе қамқоршылық, Республикалық деректер банкі, баланы қабылдайтын және бала қонақтайтын отбасы»; мынадай мазмұндағы 15-1-тараудың, 118-1, 118-2, 118-3, 118-4, 118-5-баптардың, 17-1-тараудың, 132-1, 132-2, 132-3, 132-4, 132-5-баптардың, 18-1-тараудың, 137-1, 137-2, 137-3 және 137-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «15-1-тарау. Республикалық деректер банкі 118-1-бап. Республикалық деректер банкін қалыптастыруға және пайдалануға қойылатын талаптар 118-2-бап. Республикалық деректер банкін қалыптастыру 118-3-бап. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия ақпаратқа қол жеткізу 118-4-бап. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтату 118-5-бап. Республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны және оларды жария еткені үшін жауаптылық»; «17-1-тарау. Баланы қабылдайтын отбасы 132-1-бап. Баланы қабылдайтын отбасы 132-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт 132-3-бап. Баланы қабылдайтын ата-аналар 132-4-бап. Баланы қабылдайтын отбасына берілетін жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар 132-5-бап. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру»; «18-1-тарау. Бала қонақтайтын отбасы 137-1-бап. Бала қонақтайтын отбасы 137-2-бап. Бала қонақтайтын отбасына баланы беру туралы шарт 137-3-бап. Бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдаған адам 137-4-бап. Бала қонақтайтын отбасына берілетін бала»; 2) 1-баптың 1-тармағында: 2-тармақтың 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) баланың заңды өкiлдерi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар;»; мынадай мазмұндағы 10-1), 11-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын: «10-1) бала қонақтайтын отбасы - барлық үлгідегі ұйымдардағы (білім беру, медициналық және басқалар), жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) тәрбиелеуге уақытша қабылдаған отбасы;»; 2-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «11-1) баланы қабылдайтын отбасы - жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына орналастыру нысаны;»; «17-1) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі - Республикалық деректер банкі) - жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді қамтитын дерекқор;»; 3) 84-бапта: 2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім берген;»; 2-тармақтың 3) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы баптың 2-тармағының 1) — 3), 5) және 6) тармақшаларында аталған, Республикалық деректер банкінде есепте тұрған балалар азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан, балалардың туыстарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырап алуға берілуі мүмкін.»; 4-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Республикалық деректер банкінде орталықтандырылған есепте тұрған балалар Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға берілуі мүмкін. Баланы туыстары, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алмаған жағдайларда ғана Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Республикалық деректер банкінде орталықтандырылған есепте тұрған балалар шетелдіктерге асырап алуға берілуі мүмкін.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Осы баптың 2-тармағының 1) — 3), 5) және 6) тармақшаларында аталған балаларды асырап алуға беру туралы рұқсатты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган комиссия қорытындысы негізінде береді.»; 4) 86-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын: «Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін, нысанын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.»; 5) 87-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұратын шетелдіктердің Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасының аумағында асырап алуы осы Кодексте шетелдіктер үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»; 6) 89-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы белгiлеген тәртiппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар жүргiзедi. 3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi жүргiзедi.»; 7) 91-баптың 2-тармағында: 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 14) тармақшасында аталған адамдарды;»; 13) тармақшадағы «адамдарды қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.» деген сөздер «адамдарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: «14) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды қоспағанда (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда), кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.»; 8) 92-баптың 1-тармағындағы «және ол қырық бес жастан аспауға» деген сөздер алып тасталсын; 9) 93-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Ата-аналары туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім бере алады. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар сотқа асырап алудың баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытынды береді. Баланы өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған немесе баланы ата-аналарының келісімі бойынша туыстары асырап алған жағдайда, асырап алудың баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытынды талап етілмейді.»; 10) 111-бапта: 1-тармақ «аккредиттеуге жатады» деген сөздерден кейін «олардың құрылтайшылары агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің жалпы саны жиырмадан аспауға тиіс.»; 11) 112-бапта: 2-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «сенімхатты қоса тіркей отырып, өтініш беруге міндетті.» деген сөздер «сенімхатты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын: «8) агенттік орналасқан мемлекеттің аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағында агенттіктің қызметі тоқтатылған жағдайда, белгіленген тәртіппен асырап алынған балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары туралы есептер мен ақпаратты беріп отыратын органды немесе ұйымды тағайындау туралы агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының міндеттемесін; 9) агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының баланың қайтыс болу, оған қатыгездік көрсету, оның ішінде балаға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастық жасау фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына хабар беру туралы міндеттемесін; 10) агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының агенттіктің құрылтай құжаттарындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органын хабардар ету туралы міндеттемесін қоса бере отырып, өтініш беруге міндетті.»; 8-тармақтың 8) тармақшасындағы «тоқтатылуы болып табылады.» деген сөздер «тоқтатылуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің белгіленген санынан асыру болып табылады.»; 12) 113-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Агенттік филиалын және (немесе) өкілдігін аккредиттеу, олардың қызмет етуін тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының ресми интернет-ресурсына шешімді орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы таратады.»; 13) 114-бапта: 1-тармақтың 1) тармақшасындағы «, агенттік өкілдігі орналасқан аумақта тұрақты тұратын басқа да мемлекеттердің азаматтарына» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) берілген күнінен бастап алты ай ішінде жарамды болатын (асырап алуға кандидаттардың құжаттарында көрсетілген мерзімдерді қоспағанда) асырап алуға баланы таңдау үшін асырап алушыға кандидаттардың құжаттарын Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына, сондай-ақ асырап алу үшін сотқа ұсынуға;»; 14) 4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-бөлім. Қорғаншылық немесе қамқоршылық, Республикалық деректер банкі, баланы қабылдайтын және бала қонақтайтын отбасылар» 15) 116-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау оларды отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына) беру арқылы жүзеге асырылады, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде — жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырылады.»; 16) 117-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «5. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұратын жері бойынша олар туралы мәліметтер түскен күннен бастап бір ай ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етеді (Республикалық деректер банкінің бастапқы есебіне алу). Баланы отбасына тәрбиеге беру мүмкін болмаған кезде Республикалық деректер банкінің өңірлік есебіне алу және кейіннен баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасына тәрбиелеуге орналастыруда жәрдем көрсету үшін бір ай өткен соң бала туралы мәліметтерді тиісті аумақтық-әкімшілік бірліктердің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына жібереді. 6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, баланы қабылдайтын отбасына, патронат тәрбиешілердің отбасына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған кезде өзіне бала туралы мәліметтер түскен күннен бастап екі ай мерзім өткен соң жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Республикалық деректер банкінің орталықтандырылған есебіне қою үшін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына хабарлауға міндетті. Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.»; 17) 118-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа отбасына тәрбиелеуге немесе баланы қабылдайтын немесе қонақтайтын отбасына беру туралы шарт бойынша патронаттық тәрбиелеуге берілген, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде — барлық типтегі ұйымдарға (білім беру, медициналық және басқалар) берілген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырған кезде баланың мүддесінде оның ұлты, белгілі бір дінді және мәдениетті ұстанатыны, ана тілі, тәрбиелеу мен оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін.». 2-тармақтың 18) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 18) мынадай мазмұндағы 15-1-тараумен толықтырылсын: «15-1-тарау. Республикалық деректер банкі 118-1-бап. Республикалық деректер банкін қалыптастыруға және пайдалануға қойылатын талаптар 1. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орналасқан жері бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары және Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы республикалық деректер банкін қалыптастырады. 2. Республикалық деректер банкінде қамтылатын мәліметтер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады. 118-2-бап. Республикалық деректер банкін қалыптастыру 1. Республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды. 2. Республикалық деректер банкін қалыптастыру үшін ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді міндетті тәртіппен ұсынатын, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар осындай мәліметтерді пайдалануға өз құқықтарын жоғалтпайды. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды мұндай балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына тәрбиелеуге орналастыру немесе орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттен босатпайды. 3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адам жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орналасқан жері бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарына немесе кейіннен тіркеу үшін Республикалық деректер банкіне өзі туралы мәлімет береді. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адам мұны олардың тұратын жеріне қарамастан, кез келген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жүзеге асыруға құқылы. 118-3-бап. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия ақпаратқа қол жеткізу 1. Балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия ақпаратқа қол жеткізуі олар Республикалық деректер банкінде тіркелген және Республикалық деректер банкінің мәліметтерін жария етпеу туралы міндеттемелерді қабылдаған жағдайда жүзеге асырылады. 2. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия ақпаратты жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұратын жері бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпаратты жасау үшін пайдалана алады. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпаратты коммерциялық мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпаратқа Республикалық деректер банкінде қамтылған, жынысы жөніндегі, жасы, денсаулық жағдайы, мінезінің ерекшеліктері, ата-ана қамқорлығының болмау себептері, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), кәмелетке толған туыстарының бар-жоғы, сондай-ақ отбасыларға тәрбиелеуге орналастырудың ықтимал нысандары туралы ақпарат және балалардың фотосуреттері жатқызылады. 118-4-бап. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтату 1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бала туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтатуға: ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы отбасына тәрбиелеуге орналастыру; ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы оның ата-аналарына немесе ата-анасына қайтару; ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың кәмелетке толуы немесе мұндай баланың өзі кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілеттілікке ие болуы; ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың қайтыс болуы; баланың сот тәртібімен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы, қайтыс болған деп жариялануы негіздер болып табылады. 2. Баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адам туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтатуға: адамның баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауы; баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамның ол туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтату туралы жазбаша нысандағы өтініші; адамға баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдау мүмкіндігін берген мән-жайлардың өзгеруі; баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамның қайтыс болуы негіздер болып табылады. 118-5-бап. Республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны және оларды жария еткені үшін жауаптылық Республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны және оларды жария еткені үшін кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»; 19) 122-баптың 1-тармағы 5) тармақшасындағы «адамдарды қоспағанда, тек қана кәмелетке толған адамдар қорғаншылар немесе қамқоршылар бола алады.» деген сөздер «адамдарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын: «6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды; 7) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 12) тармақшасында аталған адамдарды; 8) азаматтығы жоқ адамдарды; 9) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын еркек жынысты адамдарды;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |