|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы (2024.05.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Кодекске өзгерістер енгізу туралы: 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасы 4-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті 2-тарау. ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР 5-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерге қойылатын талаптар 6-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналысы 7-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім 8-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет 9-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау 10-бап. Цифрлық майнингтік пулдардың қызметі 11-бап. Цифрлық активтердің биржалары 12-бап. Цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылау 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 13-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) қамтамасыз етілген цифрлық актив - ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда, материалдық, зияткерлік көрсетілетін қызметтер мен активтерге құқықтарды куәландыратын, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформа арқылы тіркелген цифрлық актив; 2) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформа - деректердің таратылған платформасы негізінде құрылған, белгілі бір ақпараттық өзара іс-қимылдарды іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған, ақпарат алмасу мүмкіндігін беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жиынтығы; 3) қамтамасыз етілмеген цифрлық актив - ақпараттық жүйеде блокчейндегі консенсусты қолдауға қатысқаны үшін сыйақы түрінде алынған және ешкімнің де цифрлық активтер биржасында цифрлық нысанда сауда жасауға болатын ақшалай міндеттемелерін білдірмейтін цифрлық актив; 4) цифрлық актив - цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген және ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік; 5) цифрлық активтер биржасы - цифрлық активтердің сауда-саттығын, шығарылуын, айналысын және сақталуын ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын цифрлық платформа; 6) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 7) цифрлық майнер - цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы; 8) цифрлық майнинг - блокчейн арқылы деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін, деректерді шифрлаудың және өңдеудің берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік қуаттарды пайдалана отырып есептеу операцияларын жүргізу процесі; 9) цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы - цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннен және тұрғын аймақтың аумағынан тыс жерде орналасқан өндірістік ғимараттан тұратын, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр энергиясын пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі; 10) цифрлық майнингтік пул - Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Цифрлық активтер саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты мен қағидаттары 1. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілетті болуы үшін Қазақстан Республикасында цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы, цифрлық майнинг жөніндегі қызметті дамыту цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты болып табылады. 2. Цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді: 2) жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау; 3) жеке және заңды тұлғалардың цифрлық активтер саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерін пайдалану құқықтарының теңдігі; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолжетімділігі шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды іздеу, қалыптастыру және беру еркіндігі; 5) цифрлық активтерді пайдалану, шығару және цифрлық майнинг кезінде жеке бастың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 6) цифрлық активтерді шығару, пайдалану саласын, цифрлық майнингті, сондай-ақ адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау.
4-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті 1) цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 2) цифрлық активтер саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 3) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды береді; 4) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекітеді; 5) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларын бекітеді; 6) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау қағидаларын бекітеді; 7) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеуді жүргізеді; 8) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық актив түрлерінің тізбесін бекітеді; 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) цифрлық активтер саласында, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 10) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді; 11) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізілімін жүргізеді; 12) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және оның тізілімін жүргізу қағидаларын бекітеді; 13) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын бекітеді; 14) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат береді; 15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган: 1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындайды; 2) цифрлық майнерлер үшін электр энергиясына квотаны айқындау тетігін бекітеді; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2-тарау. ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР
5-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерге қойылатын талаптар 1. Қамтамасыз етілген цифрлық актив мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс: 1) ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда, материалдық, зияткерлік көрсетілетін қызметтер мен активтерге құқықты куәландырады; 2) қамтамасыз етілген цифрлық активті шығару туралы шешімі болады; 3) есеп айырысатын ақша бірлігі, заңды төлем құралы болып табылмайды; 4) қаржы құралы немесе қаржы активі деп танылмайды; 5) қамтамасыз етілген цифрлық активті шығарған тұлға туралы деректерді қамтиды; 6) активті қамтамасыз етілген цифрлық актив етіп құрғанға дейін оған мүліктік және (немесе) зияткерлік құқықтардың растамасы болады; 7) блокчейн желісінде активтің және (немесе) мүлікке құқықтың ауысуы туралы жазбасы болады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін цифрлық актив қамтамасыз етілген цифрлық активтерге жатпайды.
6-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналысы 1. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформаны пайдалануды жүзеге асыратын және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсаты бар Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері, заңды тұлғасы қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлға болып табылады. 2. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналысы жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсатты цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес береді. 3. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғалар «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингінің субъектілері болып табылады. 4. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғалар жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сатып алуға, иеленуге және олармен операциялар жасауға байланысты тәуекелдер туралы хабардар етуге міндетті. 5. Мүліктің меншік иесі немесе қамтамасыз етілген цифрлық активпен куәландырылатын құқықтар тиесілі болатын тұлға қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға бастамашылық жасаған тұлға болып табылады. 6. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада цифрлық активтердің аталған тұлғаға берілгені туралы жазба орналастырылған кезден бастап қамтамасыз етілген цифрлық активтермен куәландырылған құқықтар туындайды. 7. Шығарылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтермен куәландырылатын құқықтардың түрі мен көлемі қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімде айқындалады. 8. Қамтамасыз етілген цифрлық активті шығару оның қамтамасыз етілуінің бар-жоғы тексерілгеннен кейін ғана, цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада жазбаны орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.
7-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім 1. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның интернет-ресурсында жарияланады және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға бастамашылық жасаған тұлға қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы тиісті шешімнің негізінде шығарылған қамтамасыз етілген цифрлық активтердің барлық иеленушілерінің алдындағы міндеттемелерді толық орындағанға дейін ашық қолжетімділікте болуға тиіс. 2. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
8-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет 1. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті цифрлық майнер цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығын пайдалана отырып, цифрлық майнингтік пул арқылы жүзеге асырады. 2. Цифрлық майнерлер өз қызметін цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларға сәйкес жүзеге асырады. 3. Цифрлық майнер цифрлық майнингтің нәтижесінде туындаған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің меншік иесі болып табылады. 8-баптың 4-тармағы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2024 ж. 1 қаңтардан 2025 ж. 1 қаңтарға дейін 14-баптың редакциясында қолданылады 4. Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнингтің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді өткізген жағдайда, мұндай цифрлық активтер салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес кемінде жетпіс бес пайыз мөлшерінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының лицензиясы бар цифрлық активтер биржалары арқылы міндетті түрде сатылуға жатады. 5. Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерлеріне, заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат етіледі және ол қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына жатпайды. 6. Өзін-өзі реттейтін ұйымға және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті қоспағанда, цифрлық майнинг жөніндегі қызметке қатысы жоқ өзге қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.
9-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау 1. Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет өтініш берушіге үш жыл мерзімге берілетін цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия мынадай кіші түрлер бойынша: І кіші түр бойынша - меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнерге; ІІ кіші түр бойынша - меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналастырылған, өзіне меншік құқығында тиесілі цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнерге беріледі. 2. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау қағидаларына сәйкес беріледі. 3. Лицензиялық алымның мөлшері, оны есептеу және төлеу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады. 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 4. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның шешімімен мынадай: 1) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу кезінде анық емес мәліметтер анықталған; 2) цифрлық майнер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамаған; 3) уәкілетті органның жоспардан тыс тексеруінің нәтижелері бойынша бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған; 4) цифрлық майнер уәкілетті органға мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде ұсынбаған; 5) цифрлық майнер уәкілетті органға өз еркімен жүгінген жағдайларда; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда, бір айдан алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады. 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 5. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру цифрлық майнинг жөніндегі қызметтің тоқтата тұру кезеңінде жасалуына тыйым салуға алып келеді. 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 6. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын қайта бастау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 3 және 7-тармақтарында белгіленген тәртіппен цифрлық майнердің жүгінуі бойынша жүзеге асырылады. 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 7. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруды сот жүзеге асырады.
10-бап. Цифрлық майнингтік пулдардың қызметі 1. Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу өзінің нәтижесінде цифрлық майнингтік пул өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетінін ресми тануға ие болатын рәсім болып табылады. Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу олардың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2. Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу үшін: 1) цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің Қазақстан Республикасының аумағында нақты орналасуы; 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының болуы; 3) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларында айқындалған өзге де талаптарға сәйкес келуі міндетті шарттар болып табылады. 3. Цифрлық майнингтік пул уәкілетті органға және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес ақпарат береді. 4. Цифрлық майнингтік пулдардың цифрлық майнерлер қызметінің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді олардың арасында бөлуі цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына жатпайды.
11-бап. Цифрлық активтердің биржалары 1. Цифрлық активтердің биржаларына қойылатын талаптар және оларды «Астана» халықаралық қаржы орталығында лицензиялау тәртібі «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалады. 2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі цифрлық активтердің биржасына, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар қатысушысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік шоттар ашады. 3. Цифрлық активтердің биржалары жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алуға, иеленуге және олармен операциялар жасауға байланысты тәуекелдер туралы хабардар етуге міндетті. 4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер қаржы құралдары немесе қаржы активтері деп танылмайды. 5. «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына, сондай-ақ қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне тыйым салынады. 6. Цифрлық активтер биржасының және осы баптың 2-тармағында аталған субъектілердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен тетіктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының актісінде айқындалады. 7. Цифрлық активтер биржалары есептілігінің тізбесі, оны ұсыну мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен келісу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының актісінде айқындалады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-бап. Цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылау Цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер нысанында жүзеге асырылады.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
13-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 4-тармағын қоспағанда, 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі, осы тармақ 2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «4. Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнинг жөніндегі қызмет нәтижесінде алынған цифрлық активтерді өткізген жағдайда, мұндай цифрлық активтер салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес кемінде елу пайыз мөлшерінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының лицензиясы бар цифрлық активтер биржалары арқылы міндетті түрде сатылуға жатады.».
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 6 ақпан № 193-VІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасы3-бап. Цифрлық активтер саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты мен қағидаттары4-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті 2-тарау. ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР5-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерге қойылатын талаптар6-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналысы7-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім 3-тарау. ЦИФРЛЫҚ МАЙНИНГ8-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет9-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау10-бап. Цифрлық майнингтік пулдардың қызметі11-бап. Цифрлық активтердің биржалары12-бап. Цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылау 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |