«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № А-6/263 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № А-11/554 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № А-6/263 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4871 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін: 1) аталған қаулымен бекітілген «Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын; 2) аталған қаулымен бекітілген «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын; 3) аталған қаулымен бекітілген «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын; 4) аталған қаулымен бекітілген «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары В.Н.Балахонцевқа жүктелсін. 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2016 жылғы 29 сәуірдегі № А-6/201 қаулысына Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|