Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы (2017.31.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығымен бекітілген
Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасы
1. Осы Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау және жасау, сондай-ақ кемелерді жасау және оларға материалдар мен бұйымдарды дайындауды жүзеге асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-техникалық құжаттары талаптарының орындалуын бақылау, тексеру мақсатында Кеме қатынасының тіркелімі жүзеге асыратын техникалық бақылаудың нысанын, тәртібін, әдісін және көлемін белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|