Осы редакция 2016 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2015.08.12. № 631 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына 17-қосымша
«Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2015.08.12. берілген өзгерістермен)
1. «Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсе немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі - Салық төлеушінің кабинеті) арқылы; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы; 3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде. ХҚКО жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзіміне кірмейді; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін барынша жол берілетін күту уақыты - 20 (жиырма) минут, ХҚКО-ға - 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты - 20 (жиырма) минут, ХҚКО - 15 (он бес) минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|