«Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17163 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 206-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысаны (250.00-нысан) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) жасау қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 206-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жасау тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Декларация).»; 2-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|