3. COVID-19 сырқаттанушылығының тіркелу деңгейі жоғары өңірлерде (қызыл аймақта) мынадай санаттарды: - мекеме қызметкерлерін, - этаппен тасымалдауға жататын адамдарды; - ҚАЖ, ІІМ мемлекеттік мекемелерінде және мекемелерден тыс ұйымдардағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердің ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты алған сотталғандарын (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 6 айда қоспағанда); - осы қосымшаның 1-тармағының талаптарын сақтай отырып, ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдармен ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге келгендер; - осы қосымшаның 4-тармағын сақтаған кезде адвокаттарды (қорғаушыларды), тергеушілерді қоспағанда, ҚАЖ мекемелеріне кіруді және шығуды (кіруді және шығуды) тоқтата тұру. 4. Дезинфекциялау құралдарының, бактерицидті шамдардың, жеке гигиена құралдарының, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының (маскалар, респираторлар), медициналық термометрлердің және басқа да материалдық ресурстардың қорын ұстауды қамтамасыз ету. 5. Тұрғын отрядтарда, камераларда, тамақтану объектілерінде, өндірістік учаскелерде, жұмыс орындары мен қызмет атқару орындарында жеке гигиенаны сақтау үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету. 6. ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің, қызмет көрсетуші қызметкерлердің және арнайы контингенттің маска режимін сақтауын қамтамасыз ету. 7. ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің арнайы контингентті қабылдау кезінде жеке қорғаныш құралдарында (маска, қолғап, көзілдірік) болуын қамтамасыз ету. 8. ҚАЖ мекемелеріне келіп түсетін барлық адамдардың, сондай-ақ мекеме шлюзіне кірер алдында ілесіп жүретін адамдар мен жүргізушілердің денесінің температурасын өлшеуді және сұрау алуды қамтамасыз ету. 9. Монша-кір жууды қамтамасыз етуді, тамақтануды, өндірістік қызметті ұйымдастыру кезінде жергілікті секторларда тұратын сотталғандар ағынының қиылысуын азайту. 10. Ортақ пайдаланылатын және адамдар жиналатын орындарда (асханалар, БПК, өндірістік учаскелер, тамақ өндірісі, дүкендер және басқа да объектілер) дезинфекциялық режимді күшейту. Дезинфекциялау құралдарымен ылғалды жинау жүргізу жиілігін арттыру, бактерицидті сәулелендіргіштерді пайдалану. Дезқұралдармен тамақтанатын залдарды (үстелдер, орындықтар, едендер) жинауды осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес тамақтанатын сотталғандардың әрбір ауысымынан кейін ұйымдастырылған ұжымдардағы, ас блоктарындағы және сауда объектілеріндегі қоғамдық тамақтану объектілерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритміне сәйкес жүргізу. 11. Әкімшілік ғимараттарға, мекемелердің аумағына кіретін есіктерді тері антисептиктерімен жабдықтау, міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету. 12. Мекеме қызметкерлері мен контингенттің жеке гигиенасын сақтауын бақылауды күшейту. 13. COVID-19 ауруына күдік анықталған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың регламенттелген кешенін дереу жүргізу. 14. 12 сағат ішінде жазбаша түрде (немесе электрондық байланыс арналары арқылы) COVID-19 әрбір жағдайына шұғыл хабарламаларды аумақтық департаментке беруді қамтамасыз ету. 15. Сәлемдеме қабылдау бөлмесінде қызметкерлерінің медициналық маскада, қолғаптарда жұмыс істеуін қамтамасыз ету. 16. ҚАЖ мекемелерінің объектілерінде, оның ішінде қабылдау, жиналу бөлімшелерінде қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вирусты инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі жинау жүргізуді қамтамасыз ету.
ҚАЖ-ға ведомстволық бағынысты сәбилер үйлеріндегі санитариялық-дезинфекциялық режимге қойылатын талаптар
1. ҚАЖ-ға ведомстволық бағынысты сәбилер үйлерінде режимдік-шектеу іс-шараларын (карантин) енгізу. 2. Карантин кезеңінде сәбилер үйіне жұмысқа орналасқандардың санын ен азға дейін қысқарту. 3. Карантин кезеңінде сәбилер үйінде, бірге тұру орталығында орналасқан адамдардың тұруын қамтамасыз ету. 4. Карантин кезеңінде сотталғандарды (сәбилер үйіне орналастырылған аналар мен адамдарды) бірге тұру орталығында тамақпен қамтамасыз ету. Тамақты санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жеткізу. Тамағы бар термостарды қабылдауды және жуу және өңдеу үшін термостарды беруді тамақ жеткізушілерді санитариялық киіммен, бір рет қолданылатын жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маскалар, қолғаптар) қамтамасыз ете отырып, сәбилер үйінің КӨП-те жүзеге асыру. 5. Баланы емізетін сотталғандарды карантин кезеңінде сәбилер үйінің бірге тұратын орталығына орналастыру. 6. Карантин кезеңінде бірге тұратын орталықтағы сотталғандардың киім-кешектерін жууды сәбилер үйінің кір жуу бөлмесінде жүзеге асыру. 7. Карантин кезеңінде сәбилер үйіне орналастырылған сотталғандарды, аналарды таңғы және кешкі тексеруді жүргізуді мекеме қызметкерлерін медициналық тексеруден кейін (термометрия, сұрау, тексеру) сәбилер үйінін аумағында жүзеге асыру. 8. Сәбилер үйіне жұмысқа тұрғызылған қызметкерлер мен сотталғандардың, аналардың күн сайынғы таңертеңгілік сүзгісін тексеру нәтижелерін арнайы жүргізілген журналға енгізе отырып, дене температурасын өлшеу, медициналық тексеріп-қарау, денсаулық жағдайы туралы сұрау арқылы қамтамасыз ету. 9. Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вирустық инфекциялар кезінде қолдануға рұқсат етілген дезқұралдарды пайдалана отырып, сәбилер үйіне тамақ өнімдерін жеткізу үшін пайдаланылатын автокөлікті дезинфекциялық өңдеу бойынша іс-шараларды күшейту. 10. Сәбилер үйінде дезинфекциялық және маскалық режимнің сақталуын, топтық оқшаулауды, таңертеңгілік сүзгі, респираторлық аурулар белгілері бар балаларды тез арада оқшаулауды қамтамасыз ету.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 8-Қ қаулысының 24 қосымшасы
Өнеркәсіптік кәсіпорындарға және өндірістік объектілерге, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерге қойылатын талаптар
1. Қызметкерлер вахтасы кезеңінің ұзақтығы еңбек заңнамасымен реттеледі, жұмыс берушінің шешімі бойынша жұмыс берушінің еңбекке ақы төлеуді тиісті реттеуі арқылы ұзартылуы мүмкін. 2. Қызметкерлер вахталық кентке дейін автобустармен жеткізілген жағдайда көлік құралдарын отырғызу алдында және ауысын соңында алдын ала үнемі дезинфекциялау көзделеді. 3. Персонал санитариялық-эпидемиологиялық шаралар сақталған жағдайда жұмыс орындарына қызметтік, қоғамдық немесе жеке көлікпен жеткізіледі. Персоналды қызметтік көлікпен жеткізу санитариялық шараларды сақтаған кезде жүзеге асырылады, көлік отыратын орындардың санына сәйкес толтырылады, көліктегі жолаушылар маскада болады. 4. Дене температурасы жоғары және ауру белгілері бар персонал анықталған жағдайда, бұл адамдар дереу жұмыс процесінен шеттетіледі. 5. Респираторларды кию көзделген зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды қоса алғанда, жұмыскерлерді қоспағанда, объектінің персоналы жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі. 6. Медициналық пункттер қажетті медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуі қолданыстағы денсаулық сақтау объектілерге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 7. Медициналық пункттің (Денсаулық сақтау пунктінің) медицина қызметкерлері ЖҚҚ қамтамасыз етіледі. 8. Объектінің үй-жайларында температуралық режимнің оңтайлы параметрлерін сақтау қамтамасыз етіледі, жұмыс үй-жайларын тұрақты желдету жүргізіледі. 9. Қызметкерлердің жеке/қоғамдық гигиена ережелерін: барлық жұмыс күні ішінде қолды сабынмен үнемі жуу немесе тері аптисептиктерімен өңдеу режимін сақтауы қамтамасыз етіледі. 10. Үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (қызметкерлердің үстелдері мен орындықтарын, орг. (тамақ қабылдау, демалыс бөлмелері, дәретхана бөлмелері, спортпен шұғылдануға арналған бөлмелер мен жабдықтар), барлық үй-жайларда. 11. Объекті әкімшілігі ұйымда (кәсіпорында) инфекциялық ауру белгілері бар адамдар (медициналық маскалар, респираторлар) анықталған жағдайда үй-жайларды жинауға және қызметкерлердің қолдарын өңдеуге арналған дезинфекциялау құралдарының, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының қорының болуын қамтамасыз етеді. 12. Вахталық кентте COVID-19 күдік анықталған кезде: 1) жұмыскер медициналық пункттің оқшаулағышына оқшауланады; ғимаратқа, үй-жайға барлық адамдардың кіруіне және шығуына тыйым салынады, қабаттар арасында хабарлама тоқтатылады; 2) бақылау орнату үшін ғимараттағы/бөлімшедегі науқас қызметкермен байланыста болған барлық адамдардың тізімі жасалады; науқасты эвакуациялағаннан кейін қорытынды дезинфекция жүргізіледі. 13. Жауапты адамдар жұмысшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 14. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және дезинфекциялық іс-шараларды жүзеге асыратын қызметкерлерге ұйым аумағына және онда орналасқан объектілерге кедергісіз кіру қамтамасыз егіледі. 15. Объекті әкімшілігі дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізеді. 16. Жұмысшылардың тамақтану объектілерінде: 1) көп рет қолданылатын ыдысты пайдаланған кезде оны кейіннен жинау және белгіленген тәртіппен залалсыздандыру қамтамасыз етіледі; 2) асхана ыдыстарын жуу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады; 3) асхана жұмыскерлері (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және азық-түлікпен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) жұмысшыларға өз қызметтерін бір рет қолданылатын қолғаптармен, маскамен көрсетеді; 4) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады; 5) объектілерді тұрақты желдету, сыртқа тарату қондырғыларын тексеру, жөндеу және дезинфекциялау жүргізіледі, сырттан ауа жинау арқылы үй-жайлардың ауасын сүзу мен желдетуді арттырады; 6) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақшаларын), тамақтану залына (асханаға) кіреберісте қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету витриналарын дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту жолымен ылғалды жинау жүргізіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 8-Қ қаулысының 25 қосымшасы
Медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары) қызметіне қойылатын талаптар
1. Объектілерде анықталған симптомдары (қызба, тамақтың ауыруы, дімкәстік, жөтел, ентігу) бар пациенттерді (персоналды) уақытша оқшаулау үшін (кемінде 2 төсек) изоляторы бөлінеді. Изолятордың жұмыс режимі инфекциялық стационардың жұмыс режиміне сәйкес келеді. 2. Медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан келіп түсетін пациенттер үшін 10 күнге дейін болатын жеке палата (немесе изолятор) бөлінеді, жай-күйі мен термометриясы күніне кемінде 3 рет сұралып, қағаз немесе электрондық тасымалдағышта тіркеледі. 3. Жаңадан түсетін пациенттер (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 айда қоспағанда) ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт, өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжаты бар болғанда медициналық-әлеуметтік мекемелерге қабылданады. 4. Респираторлық инфекция белгілері пайда болған (қызба, тамақтың ауыруы, дімкәстік, жөтел, ентігу) Персонал емделушілерде симптомдар пайда болған кезде дереу дәрігер- консультанттың шақыруымен изоляторға орналастырылады. 5. COVID 19-мен науқас адам анықталған және оқшауланған жағдайда қорытынды дезинфекция мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып жүргізіледі. 6. COVID 19-мен науқас адам анықтаған және оқшаулаған кезде қорытынды дезинфекция жүргізуге өтінімді COVID 19 жағдайын анықтаған медицина қызметкері береді. 7. Пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін көрнекі ақпараттық материалдарды (жадынамалар, нұсқаулықтар) ұсына отырып, COVID-19 профилактикасы бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізіледі. 8. Объектінің эпидемиологы (штатта эпидемиолог болмаған жағдайда жауапты медицина қызметкері) сақ болу және COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу мәселелері бойынша персоналды оқытуды жүргізеді. 9. Объектілерде тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде мыналар қамтамасыз етіледі: 1) пациенттердің асханалық ыдыстарын буфеттерде жуу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес; 2) жуу және дезинфекциялау құралдарының, ЖҚҚ төмендетілмейтін қорымен. 10. Үй-жайларды тазалауды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады: 1) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы жинау жүргізу үшін жауапты персонал айқындалады. Жауапты адамдарды бекітумен жинау кестесі жасалады; 2) барлық үй-жайларда күнделікті ылғалды жинау есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақшаларын), қол жууға арналған раковиналарды, терезелер мен шырақтарды, терезе алды, есік ойықтарын, төсек жанындағы тумбочкаларды, қосқыштар мен розеткаларды, лифтілерді міндетті түрде өңдеу арқылы жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі. 3) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, мынадай еселікпен жүргізіледі: - есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ қойғыштарын), қосқыштар мен розеткаларды, лифт кнопкаларын өңдеу - әрбір 2 сағат сайын; - санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдықтар, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаз бөшкелерін, перилалар) - күніне 3 рет. 11. Медициналық-әлеуметтік объектілердің барлық үй-жайларын желдете отырып, ауаның температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және ауа баптау жүйелеріне (тазалау, жуу, дезинфекциялау, фильтрлерді ауыстыру және т.б.) тексеру жүргізіледі. 12. Персонал бір рет қолданылатын медициналық маскаларды пайдаланады, антисептиктерді пайдалана отырып, қолды гигиеналық өңдеу жүргізіледі, медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде - бір рет қолданылатын стерильді қолғап пайдаланылады. 13. Медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, әкету және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен шарт бойынша жүргізіледі. COVID-19 байланысты медициналық қалдықтарды кәдеге жарату қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі. 14. Үйде қызмет көрсететін ұйымдардың басшылығы мынаны қамтамасыз етеді: 1) қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің жеке қорғаныш құралдарымен, оларға үйге бару үшін автокөлікпен; 2) респираторлық инфекциялар симптомдары (дене температурасының көтерілуі, тамақтың ауыруы, әлсіздік, жөтел, ентігу) бар әлеуметтік қызметкерлерді жұмыстан шеттету. 15. Мүгедектер мен қарттардың тұрғын үй-жайларындағы ылғалды жинау Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі. 16. Уақытша болу ұйымдарына жаңадан келіп түскендер үшін (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасының құрбандары үшін) 10 күнге дейін болатын және жай-күйін сұрау жүргізу мен термометрия арқылы күніне кемінде 3 рет қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеліп, жеке палата (немесе изолятор) бөлінеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 8-Қ қаулысының 26 қосымшасы
COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін жерлеу алгоритмі
Қалалық және облыстық қоғамдық денсаулық басқармалары COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін патологоанатомиялық зерттеу жүргізілетін патологоанатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдарды анықтайды. Патологоанатомиялық бөлімшелерде COVID-19 қайтыс болғандарды патологоанатомиялық ашуға, биоматериалды алуға, секциялық залды жинау мен дезинфекциялауға қатысатын барлық қызметкерлердің Т.А.Ә., күндер мен іс-әрекеттерін тіркей отырып, журнал жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Ашу желдетілетін секциялық бөлмеде жүргізіледі, желдету жүйесі сағатына кем дегенде алты еселік ауа алмасуды қамтамасыз етуі тиіс. Мәйітті ашуды жүргізуге қатысатын персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдаланады. COVID-19-дан қайтыс болған науқастың мәйітін жуындыруды мынадай шараларды сақтай отырып жүргізу қажет: - мәйітті жуындыруға тартылған адамдар халат, медициналық маска, қолғап киеді; - жуындыруға балалар, карт адамдар (60 жастан асқан) және созылмалы патологиясы бар адамдар (тыныс алу аурулары, жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті немесе иммундық жүйесі төмен адамдар) қатыспауы керек. COVID-19-дан қайтыс болған науқастың мәйітін жуындыру кезінде прозектурада қайтыс болған адамның туыстарының ЖҚҚ (маска, бір рет қолданылатын медициналық халат, қолғап, бахила) пайдалана отырып қатысуына жол беріледі. COVID-19 диагнозы бар қайтыс болған адамның мәйітін көму жеке зират бөлместен жалпы зираттарда жүргізіледі. Қайтыс болған адамды (COVID-19 расталған/немесе ықтимал диагнозы) басқа қалалар мен жерлерге тасымалдауға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің келісімі бойынша рұқсат етіледі. Елдің аумағында COVID-19-дан шетел азаматтары қайтыс болған жағдайда мәйітті тасымалдау және оны көму бойынша барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 8-Қ қаулысының 27 қосымшасы
COVID-19-ды диагностикалау үшін зертханаларды ашуға арналған уақытша ұсынымдар
COVID-19 зертханалық диагностикасы патогендіктің II тобының микроорганизмдерімен жұмыс істеу үшін тиісті жағдайларды талап ететін, тест-жүйелер мен шұғыл анықтауды пайдалана отырып, полимеразды-тізбекті реакция (бұдан әрі - ПТР) және иммундық-ферменттік талдау (бұдан әрі - ИФТ) әдістерімен жүргізіледі.
1. ПТР зерттеулерді жүргізуге арналған зертханаларға арналған уақытша ұсынымдар
1. Зертханада жұмыс патогендігі II топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге арналған шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады. 2. Зертхана ғимаратын жобалау кезінде дербес жер учаскелерінде немесе олар құрамына кіретін ұйымның жер учаскесінде жүзеге асырылады. 3. Уақытша зертханаларды бейімделген ғимараттарда, үй-жайларда қауіпсіздік талаптары сақталған, судың мөлшері жеткілікті болғанда, электр энергиясымен, суды бұрумен, желдетумен қамтамасыз етілген жағдайда пайдалануға жол беріледі. 4. ПТР зерттеулерді жүргізу үшін диагностикалық жұмыстарды жүргізумен айналысатын зертханалардың үй-жайларында өткізу режимі белгіленеді. 5. Зерттеу жүргізу үшін зертхана персоналының инфекция жұқтыруын болдырмау мақсатында зерттеулер бір рет қолданатын халат, бір рет қолданатын қолғап, маска немесе респираторда (аэрозоль қалыптасқан қауіпі болғанда - үлгілерді қабылдау, алғашқы өңдеу және шығару) және көзді қорғау (көзілдірік немесе қалқан) жүргізіледі. 6. ПTP зерттеулерді жүргізуге арналған үй-жайлардың ПТР-талдаудың кезеңдеріне сәйкес келетін 3 аймағы болуы тиіс: 1) материалды қабылдау, тіркеу және оны бастапқы өңдеу бөлмесі; 2) ДНҚ-ны (РНҚ-ны) бөлуге арналған биологиялық қауіпсіздік боксқа кіреберісі бар бокс; 3) Мастермиксті/мастермиксті қазып алуды дайындау үшін бокс. 7. Барлық бокстарда боксқа кіреберіс болады, онда қол жууға арналған раковина (қол жуғыштар) орналастырылады, ол болмаған жағдайда тері антисептиктерін, айна және дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтарды пайдалануға жол беріледі. 8. Зертхана ПТР-жабдығымен, тест-жүйелерімен, шығыс материалдарымен, жеке қорғаныш құралдарымен және бактерицидті шамдармен қамтамасыз етілуі тиіс. 9. ПТР әдісімен зерттеулер жүргізген кезде мыналар сақталады: 1) әр аймақта өзіне тиесілі жиһаздар жиынтығы, тоңазытқыштар/мұздатқыштар, зертханалық жабдықтар, реагенттер, автоматты тамшуырлар (дозаторлар), ұштықтар, пластикалық және шыны ыдыстар, қорғаныш киімі, аяқ киім, ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаптар, жинау мүкәммалы және тек осы бөлмеде ғана пайдаланылатын басқа да шығыс материалдары болады; 2) жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды бір үй-жайдан екінші үй-жайға тасымалдауға жол берілмейді; 3) ПТР бойынша барлық жұмыстар жұмыстың әрбір кезеңі қамтамасыз етілетін ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаппен жүргізіледі; 4) барлық үй-жайларда бактерицидті сәулелегіштер орнатылады; 5) электрофорез әдісімен детекция жүргізген кезде бұл кезеңге жеке персонал қызмет көрсетеді: 6) ПТР-дің барлық кезеңдерін өткізуге арналған реагенттерді сақтау шарттары өндірушінің реагенттерді қолдану жөніндегі нұсқаулығының талаптарына сәйкес келеді. Клиникалық үлгілер реагенттерден бөлек сақталады; 7) сынама дайындау және реакциялық қоспаларды дайындау кезеңдері биологиялық қауіпсіздік бокстарында жүргізіледі; 8) терезелер тығыз жабылады. 10. ПТР жүргізуге арналған барлық үй-жайларды әрлеу жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалмен жүргізіледі. 11. Зертхананың инфекциялық аймағының үй-жайлары жасанды іске қосылатын ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен және шығатын жерде жеңіл тазарту сүзгілерімен жабдықталады. 12. Зертхана үй-жайларында: 1) арнайы киімсіз жұмыс істеуге; 2) ақаулы желдеткішпен жұмыс жүргізуге; 3) заттаңбасыз реактивтерді сақтауға және қолдануға; 4) жұмыс ерітінділерінің қорын жұмыс орындарында және стеллаждарда сақтауға жол берілмейді. 13. Бокстардағы жұмыс таза аймақтан инфекциялық аймаққа қарай бағытта ұйымдастырылады. Бокстың ішкі беткейлері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тотығуға қарсы дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. 14. Зертханалар шұғыл көмек көрсету жағдайына және авария жағдайына арналған дәрі қобдишаларымен қамтамасыз етіледі.
2. ИФТ зерттеулер жүргізу үшін зертханаға арналған уақытша ұсынымдар
1. Зертханада жұмыс патогендігі II топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеу үшін шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады. 2. Зертхана ғимаратын жобалау кезінде дербес жер учаскелерінде немесе құрамына кіретін ұйымның, жер учаскесінде орналасады. 3. Уақытша зертханаларды бейімделген ғимараттарда, үй-жайларда қауіпсіздік талаптары сақталған, жеткілікті су мөлшерімен, электр энергиясымен, суды бұрумен, желдетумен қамтамасыз етілген жағдайда пайдалануға рұқсат етіледі. 4. ИФТ зерттеулер жүргізу үшін диагностикалық жұмыстар жүргізумен айналысатын зертханалардың үй-жайларында өткізу режимі белгіленеді. 5. Зерттеу жүргізу үшін зертхана персоналының жұқтыруын болдырмау мақсатында зерттеу бір рет қолданатын халатта, бір рет қолданатын қолғапта және қажет болған жағдайда маска/респираторда және көзілдірік/щитте жүргізіледі. 6. ИФТ зерттеулер жүргізуге арналған үй-жайлар: 1) материалды қабылдау, тіркеу және оны алғашқы өңдеу бөлмесі; 2) бокс алды бар бокс. 7. Барлық бокстарда қол жууға арналған раковиналар (қол жуғыштар) орнатылған бокс алды болады, болмаған жағдайда тері антисептиктерін, айна мен дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтарды пайдалануға жол беріледі. 8. Зертхана ИФА-жабдықтармен, тест-жүйелермен, шығыс материалдармен, жеке қорғаныш құралдарымен және бактерицидті шамдармен қамтамасыз етілуі тиіс. 9. ИФТ әдісімен зерттеулер жүргізу үшін мыналар сақталады: 1) әрбір аймақта тек осы бөлмеде пайдаланылатын жиһаз, тоңазытқыштар/мұздатқыштар, зертханалық жабдықтар, реагенттер, автоматты тамшуырлар (мөлшерлегіштер), ұштықтар, пластикалық және шыны ыдыстар, қорғаныш киімдер, аяқ киімдер, тальксіз бір рет қолданылатын қолғаптар, жинау мүкәммалдары және басқа да шығыс материалдары болады; 2) жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды бір үй-жайдан екіншісіне тасымалдауға жол берілмейді; 3) ИФТ бойынша барлық жұмыстар бір рет қолданылатын қолғаптарда тальксіз жүргізіледі, олар жұмыстың әрбір кезеңін қамтамасыз етеді; 4) барлық үй-жайларда бактерицидті сәулелендіру құралдары орнатылады; 5) ИФТ барлық кезеңдерін жүргізу үшін реагенттерді сақтау шарттары реагенттерді қолдану жөніндегі өндірушінің нұсқаулығының талаптарына сәйкес келеді. Клиникалық үлгілер реагенттерден бөлек сақталады; 6) термостат температурасы күн сайын бақыланады; 7) терезелер тығыз жабылады. 10. ИФТ жүргізуге арналған барлық үй-жайларды өңдеу жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалмен жүргізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |