11. Зертхананың инфекциялық аймағының үй-жайы жасанды іске қосылатын сору-сору желдеткішімен және шығатын жерде жұқа тазалау сүзгілерімен жабдықталады. 12. Зертхана үй-жайларында: 1) арнайы киімсіз жұмыс істеуге; 2) желдеткіш жарамсыз болған жағдайда жұмыс жүргізуге; 3) заттаңбасы жоқ реактивтерді сақтау және қолдануға; 4) жұмыс ерітінділерінің қорларын жұмыс орындарында және стеллаждарда сақтауға жол берілмейді. 13. Бокстардағы жұмыс таза аймақтан инфекциялық аймаққа қарай ұйымдастырылады. Бокстың ішкі беткейлері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тотығуға қарсы дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. 14. Зертханалар шұғыл көмек көрсету жағдайына және апат жағдайына арналған дәрі қобдишалармен қамтамасыз етіледі.
3. ПТР және ИФТ зерттеулерін жүргізуге арналған үй-жайлардағы режимге қойылатын талаптар
1. Жұмыс күнінің басында және соңында жұмыс бөлмелерінде үстелдерді, аспаптарды, жабдықтарды өндірушінің нұсқаулығына сәйкес осы мақсаттар үшін қолдануға рұқсат етілген этил спиртімен және дезинфекциялық құралдармен өңдеу жүргізіледі. 2. Жұмыс басталғанға дейін үй-жайды ылғалды тәсілмен, «таза» аймақта жуу құралдарын қолдана отырып, «инфекциялық» аймақта жуу құралдары мен дезинфектанттарды қолдана отырып, тазалайды, бактерицидті сәулелендіргіштермен 30-60 минут бойы сәулелейді. 3. Жұмыс аяқталғаннан кейін үстелдер, аспаптар, жабдықтар, еденді дезинфекциялық ерітіндіні қолдана отырып сүртеді. Жинау мүкәммалының «таза» және «инфекциялық» аймақтар үшін бөлек таңбасы болады. 4. Жұмыс басталғанға дейін 15 минут бұрын үй-жай мен бокста бактерицидті сәулелендіргіштер және желдеткіштің copy жүйесі қосылады. Боксты жүктеу кезінде желдету ажыратылады. Жұмыс кезінде бокста ауа сору болмаған жағдайда, жұмыс дереу тоқтатылады. Бокс ауасын бактериологиялық зерттеу және сүзгі жұмысын бақылау аптасына бір рет жүргізіледі. 5. Жұмыс басталар алдында БҚБ-ға copy желдеткіші қосылады. Материалды тиеу теріс қысым кезінде жүргізіледі. БББ өтпелерден және әртүрлі әуе ағындарынан алыс жерде орнатылады. 6. Инфекциялық материалды жеткізу металл, герметикалық жабық ыдыста (биксте, бактарда, тоңазытқыш сөмкеде, контейнерлерде) жүзеге асырылады. Сұйық материалдары бар жеткізілетін ыдыстар тасымалдау кезінде ішіндегінің құйылуын болдырмайтын тығындармен жабылады. Материалды орау кезінде бикстер, контейнерлер мен түтікшелер дезинфекциялық ерітіндімен сүртіледі және металл табақтарға қойылады. 7. Инфекциялық материалды себу кезінде түтікшелерде, тостағандарда, сауыттарда материалдың атауы, талдау нөмірі, себу күндері және тіркеу нөмірі жазылған жазбалар көрсетіледі. 8. Бөлме арасында материалды тасымалдау кезінде авария болған жағдайда персонал тасымалданатын сыйымдылықтарды жергілікті жерлерде қалдырып, қауіпті аймақтан кетеді және болған жағдай туралы бөлімше басшысына хабарлайды. Аварияға жол берген адамдар санитариялық өңдеуден өтеді. Авария кезінде үй-жайды өңдеу 1 типтегі обаға қарсы костюмде жүргізіледі. 9. Барлық қалдықтар «В» сыныбы - төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар ретінде жіктеледі.
4. ПТР және ИФТ әдістерімен зерттеуді жүзеге асыратын персоналдың жұмысына қойылатын талаптар
1. Персоналдың қолын жуу диспенсордан сұйық сабын беру жолымен жүзеге асырылады және қолды кептіру бір рет қолданылатын қағаз сүлгімен жүргізіледі. 2. Жұмыс аяқталғаннан кейін персоналдың қолы дезинфекциялық ерітіндімен немесе 70º спиртпен өңделеді. 3. Жұқтырылған материалмен жұмыс істейтін адамдарға жұмыс күнінің соңында дене температурасының термометриясы жүргізіледі. 4. Зертхананың үй-жайларынан оның инфекциялық немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істеу кезеңінде қорғаныш киімімен шығуға жол берілмейді. 5. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде зертхана қызметкері ұйым басшысына хабарлайды және жедел жәрдем келгенше дереу оқшауланады. 6. ИФТ диагностикасын жүзеге асыратын зертханалық мамандар COVID-19-ға тестілеуден өтуі тиіс. 7. Жұмыс басталған кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген) Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 8-Қ қаулысының 28 қосымшасы
COVID-19 қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыру және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлау алгоритмі
1-бөлім. COVID-19 қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыру
1. ПТР әдісімен тестілеу диагностикалық, профилактикалық мақсатта және COVID-19 эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүргізіледі. 2. ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуге жататын контингентті жоспарлау және тексеру жиілігі осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. 3. COVID-19-ға тестілеуге жататын контингентті ПТР әдісімен жоспарлауды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - АД) тиісті аумақтың денсаулық сақтау басқармаларымен (бұдан әрі - ДСБ) келісім бойынша айына, аптасына және күнге жоспар жасай отырып, 3 айға жүргізеді. 4. АД басшысы ДСБ келісімі бойынша ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу өткізетін зертханалардың тізбесін және әрбір зертхана үшін қуатын ескере отырып, кемінде бір апта мерзімге тестілеуге арналған контингентті бекітеді. 5. ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуге жататын контингенттің жоспарын тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері бекітеді. 6. Осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес тестілеуге жататын адамдардың тегі бойынша тізімін ұйым басшылары АД аумақтық басқармасына ұсынады, ол қортынды ақпаратты АД-ға жібереді. 7. Меншік нысанына қарамастан, тестілеуді өткізуге жіберуді және COVID-19-ға материалдар алуды жүзеге асыратын АД, зертханалар мен медициналық ұйымдар осы қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес зерттелетін адамның барлық деректерін толтыра отырып, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеуге жолдаманы толтыруға және электрондық жолдаманы ҰСО Бірыңғай интеграциялық порталында (бұдан әрі - БИП) тіркеуді (рұқсат берілген сәттен бастап) қамтамасыз етуге міндетті. 8. Меншік нысанына қарамастан, ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу жүргізуді жүзеге асыратын зертханалар мен медициналық ұйымдар 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесін және ұсынылған нысан бойынша есепті АД мен ДСБ-ға ұсынады. 9. АД-ы COVID-19 барлық жаңа жағдайларын есепке алуды және тіркеуді және аурудың нәтижесін тіркеуді жүргізеді. 10. АД өз құзыретінің шегінде зерттеу нәтижелерін салыстыру, COVID-19 тестілеуді ұйымдастыру процесін бағалау үшін меншік нысанына қарамастан, ПТР әдісімен тестілеуді өткізетін зертханаларға және медициналық ұйымдарға мониторингтік бару жүргізуге құқылы. 11. COVID-19-да тестілеуді жүзеге асыратын меншік нысанына қарамастан зертханалар мен медициналық ұйымдар мониторингтік баруларға АД рұқсат беруі және COVID-19-да тестілеуді өткізу мәселелері бойынша сұратылған ақпаратты ұсынуы тиіс. 12. COVID-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен медициналық ұйымдар зертханалық ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі - АЖЖ) ҰСО-ның ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етуі және зерттеу нәтижелерін бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету үшін ҰСО-ның талаптарына сәйкес COVID-19 (әрбір зерттеу бойынша) жүргізілген зерттеулер нәтижелерін беруді қамтамасыз етуі тиіс. 13. ҰСО меншік нысанына қарамастан, COVID-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен медициналық ұйымдардың зертханалық ақпараттық жүйелерін ҰСО БИП-мен интеграциялауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және үйлестіреді. 14. ҰСО-ы тестілеу нәтижелерін электрондық форматта және зерттеу хаттамаларын қағаз тасығыштарда салыстыру мақсатында АД үшін ҰСО АЖ-ға қолжетімділікке рұқсат береді. 15. Тиісті контингентті тестілеуді ұйымдастыру үшін бақылау, мониторинг және есеп беру АД басшысына жүктеледі. 16. ПТР әдісімен тиісті контингентті тестілеуді орындау бойынша есептілікті зертханалар меншік нысанына қарамастан АД-ға ұсынылған нысанға сәйкес күн сайын 2 реттен кем емес (сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, сағат 18-ден 19.00-ге дейін) ұсынады. 17. АД басшысы күніне кемінде 2 рет (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, сағат 20-дан 21.00-ге дейін) бұлттың қоймаға ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуге жататын контингенттің есебін жинақтау, ұсыну бойынша жауапты адамды анықтайды. 18. ҚР ДСМ ҚДСҰО-ы ПТР әдісімен COVID-19 тестілеу өткізу мониторингі бойынша есеп беру нысандарын әзірлейді, бұлттық қоймаға орналастырады және АД-ның қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 19. ҚР ДСМ ҚДСҰО-ы осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес ПТР әдісімен тестілеуге жататын контингентті тестілеу бойынша жиынтық және ақпаратты өңірлер бөлігінде 2 реттен кем емес (бірінші есеп 8.00 с., екінші есеп 17.00 с.) ұсынады. 20. ҚДСҰО-Ы, ҰСО-ы COVID-19 диагностика әдістері бойынша зертханалардың мамандарына халықаралық ұсынымдарға (ДДҰ, CDC) сәйкес әдіснамалық көмек көрсетеді, медициналық ұйымдарды іріктеу, сақтау және биоматериалдарды тасымалдау техникасына оқытуды жүргізеді.
І. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тестілеуді ұйымдастыру
21. Инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылғандар және COVID-19 амбулаториялық емдеуде жүрген, ЖРВИ және пневмониялар белгілері бар науқастар: 1) биоматериал сынамаларын іріктеуді эпидемияға қарсы режим және ЖҚҚ пайдалану талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының оқытылған медицина қызметкері жүзеге асырады; 2) пациенттен алынған үлгі қоса берілген нысанға сәйкес ақпараттық жүйеде толтырылған жолдамамен сүйемелденеді және жолдаманы тиісті зертханаға жіберу қамтамасыз етіледі. Ақпараттық жүйе болмаған жағдайда зертханаға биоматериалмен бірге жіберіледі; 3) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес жүргізіледі; 4) тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдардан оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде АД-ға және биоматериалды жіберген ұйымға телефон арқылы хабарлай отырып, беру уақыты, ақпаратты қабылдаған Т.А.Ә мен лауазымы журналға тіркеліп, кейіннен АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі; 5) зертхана биоматериалды жіберген ұйымға ПТР-ның нәтижесін 12 сағат ішінде хабарламамен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы береді. МАЖ-ға ЗАЖ интеграцияланған жүйесі болған жағдайда зерттеу нәтижелері 2 сағат ішінде енгізіледі.
II. Профилактикалық мақсатта тестілеуді ұйымдастыру
22. ҚР ҚМ, Ұлттық гвардия, ІІМ қарулы күштері қатарына шақырылушылар: 1) ведомстволық қызмет АД-ға әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу кестесін және күндер бойынша, бір апта, бір ай ішінде COVID-19 тестілеуге жататын адамдардың санын ұсынады; 2) әскерге шақырылушыларды тексеру әскери құралымға келген жері бойынша жиын пункттерінде және жас буында жүргізіледі. ПТР нәтижесін алғанға дейін жас толықтыру оқшаулауда болады; 3) биоматериал сынамаларын алуды эпидемияға қарсы режим мен ЖҚҚ-ны пайдалану талаптарын сақтай отырып, ведомстволық қызметтің оқытылған медицина қызметкері, сондай-ақ сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады, пациенттің барлық деректерін электрондық жолдамаға, ҰСО-ның ақпараттық жүйесіне толтыра отырып және тиісті зертханаға СЭБК маманының жеке кабинетінен (http://lis.nce.kz/kkkbtu) жібереді; 4) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді; 5) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес жүргізіледі; 6) бастапқы тестіленуші адамдарда оң нәтиже анықталған жағдайда тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана 2 сағат ішіде биоматериал жіберген аумақтық АД-ға телефон арқылы хабарлайды, кейіннен АД-ға оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі 3 сағат ішінде беріледі; 7) зертхана зерттеу нәтижесін жіберген биоматериалға 12 сағат ішінде хабарлаумен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы береді. 23. Қазақстан Республикасына шетелден келетін адамдар: 1) биоматериал сынамаларын іріктеуді эпидемияға қарсы режим және ЖҚҚ пайдалану талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымдарының оқытылған медицина қызметкері жүзеге асырады; 2) сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады, пациенттің барлық деректерін электрондық жолдамаға. ҰСО ақпараттық жүйесінде толтырады және тиісті зертханаға СЭБК маманының жеке кабинетінен http://lis.nce.kz/kkkbtu) жібереді; 3) сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы ақпараттық жүйеде болған жағдайда зерттелетін адам туралы барлық деректерді толтыра отырып, алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады және жолдаманы тиісті зертханаға жіберуді қамтамасыз етеді; 4) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді; 5) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес жүргізіледі; 6) тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдардан оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде АД-ға және биоматериал жіберген ұйымға телефон арқылы ақпарат қабылдап алған адамның аты-жөні мен лауазымын тіркеу арқылы хабарлайды, кейіннен АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі; 7) зертхана зерттелетін адамға 24 сағат ішінде зерттеу хаттамасын береді. 24. Медициналық-әлеуметтік және басқа да жабық мекемелерге (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және т.б.) жаңадан келіп түсетін қамқорлықтағылар: 1) биоматериал сынамаларын іріктеуді денсаулық сақтау ұйымының, медициналық-әлеуметтік және басқа да жабық мекемелердің оқытылған медицина қызметкері қамқорлыққа алынушының келіп түсуіне қарай жүзеге асырады; 2) биоматериалды іріктеуді жүзеге асыратын медицина қызметкерлері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтайды және тиісті ЖҚҚ-ны пайдаланады; 3) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді; 4) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес жүргізіледі; 5) тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдардан оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде аумақтық АД-ға және биоматериал жіберген ұйымға телефон арқылы хабарлай отырып, беру уақыты, ақпаратты қабылдаған Т.А.Ә мен лауазымы журналына тіркеп, одан кейін АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі; 6) зертхана биоматериал жіберген ұйымға 12 сағат ішінде хабарлаумен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы зерттеу хаттамасы беріледі. 25. ҚАЖ мекемесіне түскен адамдар 1) биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын және ЖҚҚ-ны пайдалануды сақтай отырып, оқытылған медицина қызметкері жүзеге асырады; 2) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді; 3) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес жүргізіледі; 4) тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдарда, оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде АД-ға және биоматериалды жіберген ұйымға телефон арқылы хабарлайды, кейіннен АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі; 5) зертхана ҚАЖ-дың биоматериалын жіберген мекемесіне 12 сағат ішінде хабарлаумен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы зерттеу хаттамасын береді. 26. COVID-19 зерттеу жүргізетін зертханаға ақылы негізде жүгінген адамдар: 1) биоматериал сынамаларын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып және ЖҚҚ пайдалану зертханасының мамандары жүзеге асырады; 2) ұсынылған нысанға сәйкес іріктеу жүргізілетін адамға жолдама ресімделеді; 3) ПТР әдісімен тестілеуді өткізетін зертхана оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде АД-ны телефон арқылы хабардар етеді, кейіннен АД 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттама береді; 4) зертхана зерттелетін адамға 24 сағат ішінде зерттеу хаттамасын береді; 5) АД пациенттің тұрғылықты жері бойынша МСАК-қа хабарлайды.
IV. 2-бөлім. ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексерудің оң нәтижесі болған жағдайлар туралы хабарлау
1. ПЦР әдісімен COVID-19 тестілеуді өткізуді жүзеге асыратын меншік нысанына қарамастан, зертханалар 2 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесін және АД және ДСБ ұсынылған нысан бойынша есепті ұсынуы тиіс. 2. АД-ы COVID-19 барлық жаңа жағдайларын есепке алуды және тіркеуді және аурудың нәтижесін тіркеуді жүргізеді. 3. Медициналық ұйым тексерген емделушілерде ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеудің оң нәтижесі анықталған жағдайда тестілеуді өткізген зертхана 2 сағат ішінде АД-ға және биоматериалды жіберген медициналық ұйымға (бұдан әрі - медициналық ұйым) ақпаратты қабылдаған адамның Т.А.Ә. мен лауазымын беру уақыты журналына тіркеп, телефон арқылы хабарлайды. 4. Медициналық ұйым ПТР әдісімен COVID-19 зерттеулерінің оң нәтижесі туралы зертханадан ақпарат алғаннан кейін 2 сағат ішінде АД және ДСБ аумақтық бөлімшесін хабардар етеді. 5. АД 2 сағат ішінде ҚДСҰО-ның жедел штабына және ЖАО-ға хабарлайды. 6. ҚДСҰО-ның жедел штабы 2 сағат ішінде өңірлер бөлігінде ақпарат жинағын жүргізеді және СЭБК мен ДСМ-ге хабарлайды. 7. АД және ДСБ деректерді салыстыру мақсатында өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады. 8. Сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы барлық деректерді және пациенттің электрондық жолдамасын ҰСО ақпараттық жүйесінде толтыра отырып, алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады және СЭБК маманының жеке кабинетінен тиісті зертханаға жібереді (http://lis.nce.kz/kkkbtu);
ПТР реал-тайм әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеуге жолдама
Бірегей идентификатор
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 8-Қ қаулысының 29 қосымшасы
COVID-19-ға тестілеу алгоритмі
1. SARS-CoV-2 коронавирус антигендерін анықтау үшін иммунохроматография әдісімен экспресс-тестілеу алгоритмі
1. Жалпы ережелер
1.1 Диагностикалық экспресс-тесттер (бұдан әрі - ДЭТ) - бұл зертханалық инфрақұрылымды және қымбат бағалы жабдықты қажет етпейтін қарапайым пайдаланылатын экспресс-тесттер. SARS-CoV-2 вирусына ДЭТ-ның екі түрі бар: SARS-CoV-2 вирусының антигенін (дерін) тікелей анықтайтын антигендерге (АГ) арналған тесттер және иммундық жүйенің вирустық инфекциясы кезінде пайда болатын антиденелердің бір немесе бірнеше түрін анықтайтын антиденелерге (АД) арналған тесттер. 1.1.1. Антигендерді анықтайтын ДЭТ (бұдан әрі - АГ-ДЭТ). АГ-ДЭТ SARS-CoV-2 вирусының антигендерін, көбінесе осы тіндерде вирустың репликациясы кезінде тыныс алу жолдарының секрециясында кездесетін нуклеокапсид ақуызын тікелей анықтайды. АГ-ДЭТ-тің дұрыстығы бірнеше факторларға, оның ішінде инфекцияның басталу уақытына, үлгідегі вирустың концентрациясына, алынған үлгінің сапасы мен өңделуіне және тест-жиынтығындағы реагенттердің нақты құрамына байланысты. COVID-19-ға арналған АГ-ДЭТ көбінесе вирустық жүктеме көп болған кезде және пациенттердің ең жұқпалы кезеңінде - әдетте белгілер пайда болғанға дейін 1-3 күн және олар пайда болғаннан кейін 5-7 күн ішінде оң нәтиже береді; пациент инфекциядан арылып, қалпына келген сайын нәтижелер теріс болады. Вирустық жүктеме АГ-ДЭТ анықтау шегінен төмен түссе (ол әдетте шекті 2 ПТР шекті циклі 30 - 35 цикл мәндеріне сәйкес келеді), АГ-ДЭТ жалған теріс нәтижелер бере алады. і. Антиденелерді анықтайтын ДЭТ (бұдан әрі - АД-ДЭТ). АД-ДЭТ организмнің вирусқа иммундық реакциясының бөлігі ретінде пайда болатын антиденелерді анықтайды. Бұл тесттер инфекция жұқтырғаннан кейін 15-21 күн аралығында өте дәл болады. SARS-CoV-2 вирусының антиденелік реакциясын түсіну әлі де дамып келе жатқандықтан. ДДҰ-ы белсенді инфекцияны емдеу және байланыста болған адамдарды қадағалауды анықтау үшін антиденелер тесттерін пайдалануды ұсынбайды. АД-ДЭТ нәтижелерін түсіндіруді сарапшы жүргізуі тиіс және бірнеше факторларға, оның ішінде аурудың мерзіміне, клиникалық көрінісіне, эпидемиологиясына және белгілі бір ортадағы инфекцияның таралуына, қолданылатын тест түріне, валидация әдісіне және нәтижелердің сенімділігіне байланысты болады. Антиденелерді тексеру жалғасын жатқан індетті тергеп-тексеру кезінде популяцияның антиденелік иммунитетін зерттеу үшін және инфекцияның таралу қарқыны мен өршу масштабын ретроспективті бағалау үшін пайдалы болуы мүмкін. 1.2 SARS-CoV-2 коронавирусының антигендерін анықтауға арналған материал - бұл жоғарғы тыныс алу жолдарының материалы (мұрын немесе назофаринс тампоны) немесе сілекей үлгілері болып табылады; 1.3 АГ-ДЭТ қолданудың ең жақсы нәтижелері аурудың бастапқы кезеңінде вирустық жүктемесі жоғары пациенттерде байқалады және олардың сенімділігі ≥ 5% деңгейінде SARS-CoV-2 ауруы бар аудандарда анағұрлым жоғары. Инфекцияның төмен жылдамдығымен немесе берілуінің болмауымен сипатталатын аудандарда АГ-ДЭТ оң нәтижесінің болжамды құндылығы төмен болады; мұндай аудандарда АГ-ДЭТ оң нәтижелерін бірінші кезекті тестілеуді өткізу немесе растау үшін ПТР қолдану ұсынылады. 1.4. ПТР референс тестімен салыстыру арқылы айқындалған ≥ 80% сезімталдықтың және ≥ 97% ерекшеліктің ең аз сипаттамаларына жауап беретін АГ-ДЭТ пайдаланылады. АГ-ДЭТ вирустың үздіксіз жаппай таралуы бар аудандарда (оң тест нәтижелерінің ≥ 5%) пайдаланылады. Инфекцияның төмен жылдамдығымен немесе берілмеуімен сипатталатын аудандарда тестілеу немесе АГ-ДЭТ оң нәтижелерін растау ПТР қолдану ұсынылады. 1.5 Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында АГ-ДЭТ пайдалана отырып тестілеуді оқытылған маман орындайды. 1.6 ЭТ пайдаланып скринингтен өткен пациенттерде бақылау тестілеуі үшін ПТР пайдаланып зерттеуді тағайындау кезінде материалдың үлгілерін 2 күннен аспайтын аралықпен алу жүзеге асырылады. 2. Экспресс тестілеу мынадай санаттарға қолданылады: 2.1 Инфекция (өршу) ошақтарында жаппай тестілеу үшін ұйымдасқан ұжымдарда және жабық мекемелерде (мектептер, балабақшалар, балалар лагерлері, көрмелер, полиция, қарулы күштер, қамау орындары, қарттар үйлері, жатақханалар және т.б.). Аурудың өршуі кезінде ұжымдарда, әсіресе үздіксіз жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері мен денсаулық сақтау қызметкерлері арасында сырқаттанушылық серпінін мониторингтеу кезінде. 2.2 Пациенттерді COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдарда шұғыл емдеуге жатқызу кезінде; 2.3 ПТР тестілеуге қолжетімділік жоқ шалғай елді мекендерде. 3. Экспресс тестілеу: 3.1 стационарда төсек жанындағы тестілеу кезінде (РОСТ); 3.2 биологиялық қауіпсіздіктің тиісті шараларын және сақтау шарттарын қамтамасыз ете отырып, арнайы бөлінген және жарақтандырылған автомобильдерде; 3.3 жедел медициналық жәрдем бригадалары немесе жылжымалы мобильді бригадалар үйде, мектептерде, балабақшаларда, балалар лагерлерінде, көрмелерде, полиция басқармаларында. Қарулы Күштер бөлімдерінде, қамау орындарында, қарттар үйлерінде, жатақханаларда, кәсіпорындарда және т.б.;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |