Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы (2016.29.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.29.11. № 1108 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына 1-қосымша
Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|