Жоспарлы нысанда стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін аурулардың тізбесін бекіту туралы (2021.22.11. берілген өзгерістермен)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 196-бабының 3-тармағы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жоспарлы нысанда стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін аурулардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021.22.11. № ҚР ДСМ-122 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-258/2020 бұйрығына қосымша
Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек жоспарлы нысанда көрсетілетін аурулардың тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|