«Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 591 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 591 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12503 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын; 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|