Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 398-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидалары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 157 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17004 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|