Қарағанды облысы әкімінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 49/02 қаулысына 3-қосымша
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 23/01 Қаулысымен күші жойылды
«Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру»
1. «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11452 тіркелген) бекітілген «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде облыстық жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі - қағаз. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кен іздеушілікке арналған лицензия, қайта рәсімделген лицензия, лицензияның тел нұсқасы немесе стандартының 9-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді түрдегі жауап (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2 - тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімінің (әрекет) басталуына көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жеке тұлғалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Стандарттың 8 тармағында көрсетілген өтініштер мен құжаттарды ұсынуы негіз болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|