Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 23/01 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 274 «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18656 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері: 1) «Болашақ құрылыс учаскеcі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес; 2) «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес; 3) «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық - инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын. 3. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін. 5. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|