Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларын бекіту туралы (2022.08.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 1 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің» 16-тармағының 95-46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдарының интернет-порталында орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|