Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы туралы
1. Қоғам мен мемлекет алдындағы қызметтік және азаматтық борышын лайықты орындағаны үшін адамдарды моральдық көтермелеу шарасы ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) тағайындалсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Құрмет грамотасы туралы ереже; 2) Құрмет грамотасының сипаттамасы бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 112 өкімімен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы туралы
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) дайындау, тіркеу және тапсыру тәртібін айқындайды. 2. Құрмет грамотасы қоғам мен мемлекет алдында сіңірген еңбегі үшін моральдық көтермелеудің нысаны болып табылады. 3. Құрмет грамотасымен Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар қоғам мен мемлекет алдындағы қызметтік және азаматтық борышын лайықты орындағаны үшін марапатталады. 4. Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасы Президентінің өз бастамасы бойынша, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсынысы бойынша да қабылдайтын шешімімен тапсырылады. 5. Құрмет грамотасымен көтермелеуге ұсынылған кандидатуралар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде олар жетекшілік ететін қызмет салалары шеңберінде қаралады. Көтермелеу туралы ұсынымда осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген адамдардың сіңірген еңбегі (жетістіктері) туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Ұсынымға Құрмет грамотасы мәтінінің жобасы қоса беріледі. 1) тиісінше мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілінде жасалады және бекітілген бланкілерде басылады; 2) оған Қазақстан Республикасының Президенті қол қояды; 3) оны Мемлекет басшысы не оның уәкілеттігі бойынша өзге лауазымды адамдар салтанатты жағдайда тапсырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|