«Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгi ереже (бұдан әрi - Үлгi ереже) бекiтiлсiн.»; 2-тармақ алып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 938 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметi туралы үлгi ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Заң қызметі________________________________________________________ (орталық және жергiлiктi атқарушы органның, орталық атқарушы орган ведомствосының, сондай-ақ* Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органның (келісу бойынша) атауы) _______________________________құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|