Ақтау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 21/201 «Ақтау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес және Ақтау қаласы прокуратурасының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 2-11-20-03546, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 05-14-1651 ұсыныстарының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ: 1. Ақтау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 21/201 «Ақтау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2478 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқықтық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Жүсіпов). 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|