ТЕМІР ЖОЛДАРДЫҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМЫ. ПАНТОГРАФТАР
1-бөлім. Магистралдық көлікке арналған пантографтар
ҚР СТ МЭК 60494-1-2007
(IEC 60494-1:2002 Railway applications. Rolling stock. Pantographs. Characteristics and tests. Part 1: Pantographs for mainline vehicles, IDT)
Мазмұны
10. Электрмагниттік сәйкестік (ЭМС)
Тарқыш машинаның токпен қоректенуі ілмелі түйіспелік желіден бір немесе одан көп пантограф(тар) (тарту машинасында немесе көлік құралына орнатылған ток қабылдағыш(тар)) көмегімен ток алу арқылы жүзеге асырылады. Ток қабылдағыштың түйіспелік өткізгіш бойымен жылжитын түйіспелік кірістірмесі энергияның берілуін қамтамасыз етеді. Ток қабылдағыш пен түйіспелік өткізгіш екі ауыстырмалы діріл жүйелік тобын құрайды. Ток қабылдағыш пен түйіспелік өткізгіш арасында тұрақты түйісуді қамтамасыз ететін біржақты жылжымалы байланыс бар. Олардың құрастырылымдары қолданыс кезіндегі жүйелік топтардың ең аз тозуын қамтамасыз етеді. Пантографтар темір жол жылжымалы құрамының түйіспелік торабының түйіспелік өткізгішімен сенімді электр байланысы үшін қолданылады және түйіспелік өткізгіштің қызуына жол бермейді. Жанадан жасалып жатқан құрастырылымдарда ток алушы түйіспелік кірістірмелері бар ысырма табандар өткізгішке қатысты бұрыла алады, сонымен олар түйісу ауданын өзгертіп және ток мөлшерін реттей алады, пантографтардың жаңа стандарттарын қолдану түйіспелік өткізгіштің тозуын азайта алады.
Осы стандарт ілмелі түйіспелік желіден ток алуды қамтамасыз ететін магистралдық көлік құралдарына арналған пантографтарды (ток қабылдағыштар) жинаудың жалпы сипаттамаларын бекітеді. Сонымен қатар, бұл бөлікте ток қабылдағыштардың өтуге тиісті сынақтары берілген, диэлектрліктен басқа. Осы стандарт көлік құралдарының төбелеріне орнатылатын ток қабылдағыштардың тесілуден оқшаулауға тексеру сынақтарына қолданылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|