Тараз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы (2022.30.03. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педогогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарың және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын. Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020.21.08. № 61-5 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2022.30.03. № 13-6 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың келесі тәртібі айқындалсын: Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде тоқсан сайын «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|