Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/3-VIII «Өскемен қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/3-VIII «Өскемен қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191729 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2024-2026 жылдарға арналған қаланың бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 85 560 392,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 53 490 269,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 236 996,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 7 835 831,0 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 23 997 296,0 мың теңге; 2) шығындар - 77 467 168,4 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 443 950,0 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 443 950,0 мың теңге; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -7 649 273,6 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 7 649 273,6 мың теңге; қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 7 970 217,0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 320 943,4 мың теңге.»; 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Өскемен қаласының 2024 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 366 162,4 мың теңге сомасында бекітілсін.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|