|
|
|
«Шетелге iссапарға шығу кезiнде оларға Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртібі және шетелдiк iссапарға валюта қаржысының жұмсалуын бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 630 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Шетелге iссапарға шығу кезiнде ұлттық қауiпсiздiк органдарына сұрау салу жiберiлмейтiн санаттағы адамдардың тiзбесi (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн. "Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 29 қыркүйектегi № 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 2 шiлдедегi № 268 қаулысының күшi жойылған деп саналсын.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1052 қаулысымен Бекiтiлген
Шетелге iссапарға шығу кезiнде оларға Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарына сұрау салу жiберiлмейтiн санаттағы адамдардың Тiзбесi
Қазақстан Республикасының Президентi мен Вице-Президентi Жоғарғы Кеңестiң Төрағасы, Жоғарғы Кеңес Төрағасының орынбасарлары, Жоғарғы Кеңес комитеттерiнiң төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Аппаратының Басшысы мен жауапты қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, Премьер-министрдiң орынбасарлары, мемлекеттік кеңесшiлерi, Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының Басшысы мен жауапты қызметкерлерi Қазақстан Республикасының министрлерi, министрлердiң орынбасарлары және соларға теңестiрiлген лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Бас прокурордың орынбасарлары, Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот Төрағасының орынбасарлары, Конституциялық Соттың Төрағасы, Конституциялық Соттың мүшелерi, Жоғары төрелiк соттың Төрағасы, Жоғары төрелiк сот Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының төрағасы, Ұлттық банк Басқармасы төрағасының орынбасарлары Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi және олардың орынбасарлары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының өкiлдi органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |