|
|
|
«Алматы қаласында Қазақстанның VI Жазғы Арнаулы Ойындарын өткізу 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жүлделерiн тағайындау арқылы 1998 жылдың 28 мамырымен 1 маусымы аралығында Алматы қаласында Қазақстанның VI Жазғы Арнаулы Ойындарын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 13 сәуірдегі № 21-12/57 тапсырмасы атқаруға қабылдансын. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жүлделерiне арналған Қазақстанның VI Жазғы Арнаулы Ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекітілсiн. 3. Ұйымдастыру комитетiне, Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Спорт комитетi - Армияның орталық спорт клубына және «Спешиал Олимпикс Казахстан» республикалық қозғалысына Ойындар өткiзiлетiн, жарыстарға қатысушылар тұратын және тамақтанатын жерлердi дайындау, оларға медициналық қызмет көрсету және Ойындарды өткізу шеңберiнде мәдени бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы Ойындарды өткізу және ұйымдастыру тапсырылсын. 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасы Президентінің жүлделерiне арналған Қазақстанның VI Жазғы Арнаулы Ойындарына қатысу үшiн спорт делегацияларын жiберудi қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі олар тұратын және жарыстар өткiзiлетiн жерлерде қоғамдық тәртiптi және қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырсын. 6. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ойындарға дайындық және олардың өткiзiлуi барысын кеңiнен көрсетудi қамтамасыз етсiн. 7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ұйымдастыру комитетiнiң өтiнiмi бойынша қаржыландыру көзiн белгілей отырып Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның VI Жазғы Арнаулы Ойындарына қатысушыларға жүлделердi сатып алуға қаражат бөлсiн. Премьер-Министрi Үкіметінiң 1998 жылғы 14 мамырдағы № 86-ө өкіміне қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің жүлделерiне арналған Қазақстанның VI Жазғы Арнаулы Ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетiнiң ҚҰРАМЫ В.В.Храпунов - Алматы қаласының әкімі, ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы Р.А.Кенжетаева - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөніндегі кеңестiң хатшысы, ұйымдастыру комитетi төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Т.М. Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Туризм және спорт комитетiнiң төрағасы, ұйымдастыру комитетi төрағасының орынбасары Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi: А.С.Ақпаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетiнiң президентi П.М.Новиков - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Спорт комитетiнiң төрағасы Б.В.Тутенов - "Спешиал Олимпикс Казахстан" төрағасы Ә.Ж.Ыбыраев - Алматы қаласы әкімінiң орынбасары А.К.Құлназаров - Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінiң Туризм және спорт комитетi төрағасының орынбасары Н.К.Қасымов - Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінiң Бiлiм комитетi төрағасының орынбасары А.Т.Қарайғанов - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселелерi жөніндегі кеңесiнiң консультанты (келісім бойынша) В.В.Каун - Орталық стадион директорының мiндетiн атқарушы Г.Е.Есембаева - Алматы қалалық білім беру басқармасының бастығы А.К.Самратов - "Спешиал Лимпикс Казахстан" вице-президентi В.В.Солдатенко - Жарыстардың бас төрешiсi, КСРО еңбегi сiңген спорт шеберi О.В.Рогозов - Республикалық дәрiгерлiк-дене тәрбиесi диспансерiнiң бас дәрiгерi Т.Т.Мұқашев - "Қалалық безендiру" АҚ директоры Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |