|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы
ҚР Үкіметінің 2006.29.04. № 343 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1680 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 52, 478-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі туралы ережеге: 3-тармақта: төртінші азатжолдағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары» деген сөздер алынып тасталсын; бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші азатжолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарының нормативтік қаулылары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары; Ұлттық Банктің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, орталық атқарушы органдардың азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын немесе ведомствоаралық сипаты бар нормативтік құқықтық актілері;» 4-тармақтың екінші азатжолында: «енгізілгеннен кейін бес күн ішінде» деген сөздер алынып тасталсын; «және орыс тілдерінде» деген сөздерден кейін «қағаз және электрондық сақтаушыларда» деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |