Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік
ҚР Үкіметінің 2006 ж. 29 сәуірдегі № 343 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік реестрi және оларды мемлекеттік тiркеудi ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3379 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмi туралы ереже бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Үкіметінiң 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1680 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмi туралы ЕРЕЖЕ 1. Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмi (бұдан әрi - Мемлекеттік тiзiлiм) деректерiнiң базасы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілері туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы барлық қажеттi мәлiметтердi қамтитын амортизацияланған ақпараттық жүйенi бiлдiредi. Мемлекеттік тiзiлiмдi жүргiзу Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі мен оның аумақтық органдарына жүктеледi. Мемлекеттік тiзiлiмдi ұстаушы Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi орталықтандырылған жинақтауды, есепке алуды және оның деректер базасын қалыптастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Республикалық құқықтық хабарлама орталығы болып табылады. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң бiрыңғай эталондық банкiн қалыптастыру; Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң бiрыңғай мемлекеттік есебiн жүргiзу мақсатында құрылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|