|
|
|
«1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан «1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі № 703 қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр). 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (келісім бойынша): 1998 жылдың 14 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Әкімшіліктің мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін; бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 1998 жылғы 11 қыркүйектегі № 876 қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі
__________________________________________________________________________ |№ | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылға | | | қаржыландыру | арналған | | | нысаны | қаржыландыру | | | | нысаны |__|___________________________________|______________|____________________ |1 |Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет | | | |көрсетулер | | | |Республикалық деңгейдегі әкімшілік | | | |шығыстар |Ұстауға | Ұстауға | | Орталық органның аппараты | | | |Республикалық деңгейде орындалатын | Бұл да |Көрсетілген | |мемлекеттік тапсырыстар | |қызметтер үшін | |Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет | | | |көрсету функцияларын орындау үшін | | | |кадрларды қайта даярлау | | | |Мемлекеттік қызмет көрсетудің | | | |функцияларын орындау үшін жоғары | | | |оқу орындарында кадрларды даярлау | | | |Ғимараттарды күту және қызметкер- | | | |лердің қызметін қамтамасыз ету | | |__|___________________________________|______________|____________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |