|
|
|
Халықтың жан басын тiркеудi әзiрлеу
Халықтың жан басын тiркеудi әзiрлеу мен енгізудi ұйымдастыру мақсатында: 1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанындағы Халықтың жан басын тiркеудi әзiрлеу мен енгізу жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы қоса берiлiп отырған ереже бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанындағы Халықтың жан басын тiркеудi әзiрлеу мен енгізу жөніндегі ведомствоаралық кеңесiнiң құрамы бекітілсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары
Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасарының 1992 жылғы 28 желтоқсандағы № 7-33-ө өкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік комитетiнiң жанындағы Халықтың жан басын тiркеудi әзiрлеу мен енгізу жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы Ереже
1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанындағы Халықтың жан басын тiркеудi әзiрлеу мен енгізу жөніндегі ведомствоаралық кеңес өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулыларын және осы Ереженi басшылыққа алады. Сiлтеме. Мұнан әрi текст бойынша - Ведомствоаралық кеңес 2. Ведомствоаралық кеңестiң негiзгi мiндеттерi "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген республика аумағында оның тұрғындарын - халықты тiркеудi автоматтандырылған жүйемен есепке алуды енгізуге байланысты, әдiстемелiк және ұйымдастыру мәселелерi бойынша ұсыныстарды қарау және қабылдау болып табылады. 3. Ведомствоаралық кеңес негiзгi мiндеттерiне сәйкес өзiнiң ұсыныстарын мынадай негiзгi бағыттар бойынша қарайды және тұжырымдайды: халық туралы ақпараттарды адами ерекшелiктерге сай есепке алудың, өңдеудiң және сақтаудың мемлекеттік жүйесiн ұйымдастыру туралы жаңа әдiснамаларды әзiрлеу және қолданылып жүрген әдiснама ережелерiн жетiлдiру; халықты тiркеу көрсеткiштерiнiң ғылыми негiзделген жүйесiн жасау; халық туралы ақпараттардың жаңа технологияларын жинауды, өңдеудi және сақтауды әзiрлеу мен енгізу; халықты тiркеудiң және сонымен өзара iс-қимылдағы басқа да жүйелердiң техникалық, бағдарламалық және ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз етiлуiн пайдалану. 4. Ведомствоаралық кеңес өзiне жүктелген мiндеттi орындау мақсатында өз құзыретiнiң шегiнде халық тiркелуiнiң аймақтық және салалық ақпарат жүйелерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiнен шешiмдер қабылдайды. 5. Ведомствоаралық кеңестiң мәжілісi оның жұмысының жылдық жоспарына сәйкес тоқсанына кемiнде I рет өткiзiледi. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарынан оның қызметi үшiн қажеттi ақпараттар сұрауға және алуға; кеңестiң мәжілістерiнде халықтың тiркелуiн әзiрлеу мен енгізу жөніндегі жауапты атқарушылардың, тиiстi министрлiктердiң /ведомстволардың/ және жергiлiктi органдардың Ведомстволық кеңестiң жүзеге асырылып жатқан ұсыныстары мен шешiмдерiнiң орындалуы мен нәтиже барысы хабарларын тыңдауға хұқы бар. 7. Ведомствоаралық кеңестiң мүшелерi оның мәжілістерiне алмастыру хұқығынсыз қатысады. Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасарының 1992 жылғы 28 желтоқсандағы № 7-33-ө өкіміне қосымша
Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанындағы Халықтың жан басын тiркеудi әзiрлеу мен енгізу жөніндегі ведомствоаралық кеңестiң Құрамы
Дәуренбеков А. К. - Қазақстан Республикасының Мемстаткомы Төрағасының орынбасары /кеңес басшысы/ Бегахметов Т. К. - Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң орынбасары /кеңес басшысының орынбасары/ Құлжанов М. К. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары Романов В. И. - Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрiнiң орынбасары Сапарбаев Б. М. - Қазақстан Республикасы Бiлiм беру министрiнiң орынбасары Телеуханов А. А. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары Тұрсынова Р. Х. - "Қазтұрғынкомшар" концернi төрағасының орынбасары Ахментаева М. С. - Қазақстан Республикасының мемстаткомы әлеуметтiк және демографиялық статистика жетекшi басқармасының бастығы Бiлеубаева М. Б. - Қазақстан Республикасының Мемстаткомы демографиялық статистика және халықтың денсаулығы бөлiмiнiң бастығы Ғазизов С. Ғ. - Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы әлеуметтiк саясат және әлеуметтiк бағдарламалар жиынтық бөлiмiнiң жанындағы бөлiмше бастығы Мұсабеков Е. Н. - Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы жанындағы ҚазҒТКАҒЗИ-дiң еңбек экономикасы секторының меңгерушiсi Назаров С. С. - Қазақстан Республикасының Iшкiминi ақпарат орталығы бастығының орынбасары Ысқақов Ұ. М. - Қазақстан Республикасының Мемстаткомы статистикалық зерттеу институтының директоры
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |