|
|
|
«Шаруашылық шарттар жөніндегі наразылықтарды табыс етудiң және
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Шаруашылық дауларын төрелiк қарауға дейiн шешу саласындағы хұқылық реттеудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. "Шаруашылық шарттар жөніндегі наразылықтарды табыс етудiң және оларды кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қарауының, келiспеушiлiктердi реттеудiң тәртібі туралы" осыған қосылған Ереже бекітілсiн. 2. Осы қаулы 1993 жылғы 1 наурыздан бастап қолданылатын болсын. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 15 ақпандағы № 111 қаулысымен Бекiтiлген Шаруашылық шарттар жөніндегі наразылықтарды табыс етудiң және оларды кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қарауының, келiспеушiлiктердi реттеудiң тәртібі туралы Ереже I. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң шаруашылық шарттарды орындау барысында және басқа да негiздер бойынша туындаған наразылықтарды табыс етудiң тәртібін, сондай-ақ шаруашылық шарт жасасу, оны өзгерту мен бұзу кезiнде туындайтын келiспеушiлiктердi реттеу тәртібін белгiлейдi. Мұнан әрi - кәсiпорындар. Ереже, егер қолданылып жүрген заңда немесе шартта басқадай белгiленбеген болса, Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық кәсiпорындар үшiн, олардың меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мiндеттi болып табылады. 2. Осы Ереженiң күшi: - жүк тасымалдау жөніндегі шарт пен байланыс қызметiн көрсету жөніндегі операциялар бойынша туындаған көлiк және байланыс кәсiпорындарына наразылық көрсетуге; - экспорт үшiн тауарларға тапсырыс берушiлер мен жөнелтушiлердiң (сыртқы сауда бiрлестiктерi мен басқа да ұйымдар), тауарлардың импортқа тапсырысын орындайтын импорттық тауарларға тапсырыс берушiлер мен жүк алушылардың наразылықтарына, сондай-ақ шетелге қатынайтын тасымалдау жөніндегі және шетелдiк сақтандыру жөніндегі қатынастардан туындайтын наразылықтарға; - егер қолданылып жүрген заңда банктер, салық инспекциялары және басқалар үшiн дауды төрелiк сотқа дейiнгi реттеудiң басқадай тәртібі белгiленген жағдайда; - мемлекеттiң мұқтаждары үшiн өнiм жөнелтуге жасалған мемлекеттік контракт таласқа түскен жағдайда таратылмайды. 3. Осы Ереженiң мақсаты: - кәсiпорындардың хұқықтарын және Заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Заңды қатал сақтау негiзiнде шаруашылық шарттарын жасау және орындау барысында туындаған келiспеушiлiктердi қатынастар мен шарттық тәртiптi қамтамасыз ету; - шарттық мiндеттемелер мен мемлекеттік контрактiлердi орындамауды туындататын фактiлердiң себептерi мен жағдайларын табуға және жоюға, шаруашылық шарттарын жасау мен орындау жөніндегі жұмыстарды жақсартуға ықпал ету. 4. Басқа кәсiпорындардың мүлiктiк хұқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған кәсiпорындар, наразылық бiлдiрудi күтпей-ақ оларды қалпына келтiруге мiндеттi.
II. Наразылық бiлдiрудiң тәртібі мен мерзiмдерi 5. Мүлiктiк хұқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келген кәсiпорындардың, осы хұқықтар мен мүдденi бұзған кәсiпорындарға белгiленген тәртiппен наразылық бiлдiруге хұқы бар. Жоғары тұрған ұйымдар оған ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың мүдделерiне орай наразылық бiлдiруге хұқықты. Көлiктiк жарғыда (кодекстерде) көрсетiлген жағдайларда, наразылықтар көлiктiк кәсiпорындарға бiлдiрiледi. 6. Наразылық жазбаша нысанда берiледi де, онда: - наразылық бiлдiрушi заңды ұйымның және наразылық бiлдiрiлушi заңды ұйымның атауы, сондай-ақ олармен шаруашылық шарт жасау және берiлген хұқыққа сәйкес оларды орындау жағдайындағы наразылық бiлдiрiлiп отырған құрылымдық бiрлiктiң атауы; - наразылық бiлдiруге негiз болған жағдай; наразылықта баяндалған жағдайларды растайтын дәлелдер; тиiстi нормативтiк актiлерге сiлтемелер; - мәлiмдеушiнiң талаптары; - егер наразылық ақшалай бағалауға жататын болса, наразылықтың сомасы және онымен есеп айырысу; наразылық мәлiмдеушiнiң төлемдiк және почталық реквизиттерi; - наразылыққа қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi, сондай-ақ басқа да дәлелдер көрсетiледi. Наразылыққа кәсiпорынның, олардың жоғары органының, кәсiпорынның құрылымдық бiрлiгiнiң басшысы немесе басшының орынбасары қол қояды. Наразылық тапсырыс-хатпен немесе құны көрсетiлген хатпен жiберiледi, иә болмаса наразылықты алушының қолы куәландырылған қолхат алу арқылы немесе басқадай жолдармен (телекспен, телетайппен, факспен, почтограммамен және т.б.) жiберiледi. Мәлiмдеушiнiң қойған талаптарын растайтын құжаттар немесе олардың, тиiсiнше куәландырылған көшiрмелерi наразылыққа қоса тiркеледi. Екiншi тарапта бар құжаттарды, ол туралы наразылықта көрсетiлсе, наразылыққа қоса тiркемеуге де болады. 7. Жетпейтiн өнiмдердiң (тауарлардың) құнын өтеу туралы, мемлекеттік өкiмет органдары мен басқармаларының, басқа да жоғары тұрған органдарының актілері мен келiспеушiлiк туралы наразылықтар, сондай-ақ сапасы төмен тез бұзылатын өнiмдердi (тауарларды) жеткiзуге байланысты туындайтын наразылықтар 20 күндiк мерзiм iшiнде, ал басқа негiздер бойынша наразылықтар 1 ай iшiнде берiледi. Наразылық бiлдiру мерзiмi кәсiпорынның өз хұқығының бұзылғаны туралы бiлген немесе бiлуге тиiс күнiнен бастап есептеледi. Дайындаушы жағынан мұқият оралған немесе аузы ашылмаған жәшiктерде алынған өнiмнiң (тауардың) жетпейтiндiгi, болмаса сапасының төмендiгi анықталған жағдайда, наразылық пен оны дәлелдейтiн құжаттар тауар дайындаушыға жiберiлуге тиiс. Егер дайындаушы немесе оның мекен-жайы қабылдап алушыға белгiсiз болса, онда ол наразылықтың 2 данасы тауарды жөнелтушiге (жiберушiге) жiберiледi, ол мұны алған соң, наразылықтың 1 данасын тез арада дайындаушыға жiберуге және бұл жөнiнде алушыға 3 күндiк мерзiм iшiнде хабардар етуге мiндеттi. 8. Кәсiпорындар басқа кәсiпорындарға заңсыз иеленген олардың мүлiктерiн қайтару туралы наразылық бiлдiруге хақылы. 9. Осы Ереженiң II бөлiмiнiң 7-тармағында белгiленген наразылық бiлдiрудiң мерзiмi бұзылған жағдайда, төрелiк сот немесе аралық сот шаруашылық дауларды қараған кезде қателiк жiберген кәсiпорыннан республикалық бюджетке талап етiлген соманың 2 процентi, бiрақ 1000 сомнан кем емес және 10000 мың сомнан артық емес мөлшерде кiрiс өндiрiп алуға хұқылы. Наразылық бiлдiру мерзiмiн бұзу - оны қараудан бас тартуға немесе наразылық тәртібін сақтамады деп тануға негiз бола алмайды.
III. Наразылықтарды қараудың тәртібі мен мерзiмдерi 10. Жетпейтiн өнiмнiң (тауардың), мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының, өзге де жоғары тұрған органдардың актілерінiң таласқа түсуi туралы, сондай-ақ тез бұзылатын, сапасы төмен өнiмдердi (тауарлар) жеткiзiп беруге байланысты туындайтын наразылықтар - 20 күн iшiнде, ал басқа негiздер бойынша наразылықтар - 1 ай iшiнде қаралады. 11. Осы Ереженiң III бөлiмiнiң 10-тармағында белгiленген наразылықты қараудың мерзiмi бұзылған жағдайда, иә болмаса ол жауапсыз қалдырылған жағдайда, төрелiк сот немесе аралық сот шаруашылық дауды қарау барысында тәртiптi сақтамаған кәсiпорыннан республика бюджетiне талап етiлген соманың 1000 сомнан кем емес, 10000 сомнан артық емес 2 процентiн табыс қорына өндiрiп беруге хақылы. 12. Наразылықты қарау барысында кәсiпорындар қойылған талаптың заңдылығын және оның негiздiлiгiн (қажеттi айғақтың болуын, өндiрiп алынатын сома есебiнен дұрыстығын) тексеруге тиiс. Егер iстi қарау үшiн қажеттi құжаттар наразылыққа қоса берiлмесе, олар өтiнiм иесiнен почта арқылы жiберу жолына кеткен уақытты есептемегенде, кем дегенде бес күн iшiнде тапсыру керектiгi көрсетiлiп, сұратылады. Талап етiлген құжаттар белгiленген мерзiмде берiлмесе, наразылық қолда бар құжаттар бойынша қаралады. Кәсiпорынның наразылығын қараған кезде, қажеттi жағдайларда есептердi салыстыру, сараптау және дауды наразылық тәртібімен реттеудi қамтамасыз ететiн басқа да iс-әрекеттер жүргiзiлуге тиiс. Мұндай жағдайда наразылықты қарау мерзiмi, талап етiлген құжаттарды алу үшiн қажет мерзiмге дейiн ұзартылады. 13. Наразылық алған кәсiпорын мәлiмдеушiнiң дәлелдi талабын қанағаттандыруға және наразылықты қараудың нәтижесi туралы жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi. Наразылыққа жауапта мыналар көрсетiлуге тиiс: - жауап беретiн кәсiпорындардың және жауап жiберiлетiн кәсiпорындардың атауы, жауаптың күнi мен нөмiрi, жауап берiлетiн наразылықтың күнi мен нөмiрi; - наразылық толық немесе iшiнара қанағаттандырылған кезде мойынға алынған сома, осы соманың аударылғаны туралы төлем қағаздың нөмiрi мен күнi немесе егер ол ақшамен бағалауға жатпайтын болса наразылықты қанағаттандырудың тәсiлi мен мерзiмi; - наразылықты қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартқан кезде - бас тартудың себептерiн дәлелдейтiн тиiстi нормативтi актiлер мен құжаттарға сiлтеме жасау; - наразылыққа жауапқа қоса берiлген құжаттардың, сондай-ақ басқа да дәлелдердiң тiзбесi. Наразылықты қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартқан кезде мәлiмдеушiге наразылықпен қоса берiлген құжаттардың түпнұсқасы қайтарылуға тиiс, сондай-ақ егер олар мәлiмдеушiде болмаған болса бас тарту себептерiн дәлелдейтiн құжаттар жiберiлуi керек. Наразылыққа жауап тапсырыс-хатпен немесе бағалы хатпен жiберiледi, иә болмаса жауапты алған адамның қолы куәландырылған қолхат алу арқылы немесе не басқадай жолдармен (факс, телекс, телетайп және т. б.) тапсырылады. 14. Егер наразылықты мойындау туралы жауапта мойындалған соманың аударылғаны жөнiнде хабарланбаса, наразылық мәлiмдеушi жауапты алғаннан кейiн 20 күн өткен соң банкке, борышкер мойындаған соманы, төлем мерзiмi өтiп кеткен жағдайда заңда белгiленгендегiдей өсiм төлеп, даусыз тәртiппен есептен алып тастауға өкiм тапсыруға хұқылы. Борышкер жауабы өкiммен қоса берiледi, ал Қазақстанның Ұлттық мемлекеттік банкінің нұсқауында көзделгендегiдей жағдайда өкiм туралы жауапқа қосымшаның орнына оның күнi мен нөмiрi көрсетiледi. Қаржыны даусыз тәртiппен шот есебiнен негiзсiз шығарған тарап, келесi тарапқа даусыз тәртiппен есептен негiзсiз шығарылған соманың 10 процентi мөлшерiнде айып төлейдi. 15. Кәсiпорындар, наразылықтарды қарау кезiнде өздерiнiң қызметiнен табылған кемшiлiктердi тез арада жоюға шара қолдануға, ал мүлiктi талан-таражға салу немесе қызмет бабын терiс пайдалану, иә болмаса заңды басқадай бұзу фактілері кездескенде тиiстi шаралар қолдану үшiн хұқық сақтау органдарына хабарлауға мiндеттi. 16. Наразылықты толық немесе iшiнара қанағаттандырудан бас тартылған немесе жауап мерзiмiнде алынбаған жағдайда, мәлiмдеушi төрелiк сотқа немесе дауды шеше алатын басқа органға iздеу салуға хұқылы.
VI. Шаруашылық шарттарды жасасу, өзгерту немесе бұзу кезiнде туындайтын келiспеушiлiктердi реттеу
17. Шарттарға отыру, өзгерту не бұзу кезiнде туындайтын келiспеушiлiктердi реттеудiң тәртібі мен мерзiмдерi кәсiпорындар үшiн мiндеттi ережелерде қамтылмаған болса, ондай жағдайларда келiспеушiлiктер осы Ереженiң аталған бөлiмiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмде реттелуге тиiс. 18. Шарттарға отыру, өзгерту мен бұзу кезiнде кәсiпорындар арасында пайда болатын келiспеушiлiктердi кәсiпорын басшылары не олардың орынбасарлары иә болмаса сенiм бiлдiрген адамдары қарайды. 19. Шарттың жобасын алған кәсiпорынның шарт талаптары бойынша қарсылығы болса, келiспеу хаттамасын түзiп, ол жөнiнде шартта ескерту жасап, қол қойылған шартты екi дана келiспеушiлiк хаттамасымен бiрге 10 күндiк мерзiмде екiншi тарапқа жiберiледi. Келiспеушiлiк хаттамасын алған кәсiпорын 10 күн iшiнде оны қарауға (қажет болған жағдайда екiншi тараппен бiрге), шартқа барлық қабылданған ұсыныстарды, реттелмей қалған келiспеушiлiктердi енгiзiп, осы мерзiм шегiнде төрелiк соттың немесе егер шарт тараптарға мiндеттi актiге негiзделсе, даулы iстi қарай алатын басқа органдардың қарауына беруге мiндеттi. Қалған жағдайлар да тараптардың келісімi бойынша. Мемлекеттік контрактiге негiзделген шарт бойынша келiспеушiлiк хаттамасын алған жағдайда, немесе дауды төрелiк сотта иә болмаса басқа органдарда қарау туралы тараптардың келісімi болған жағдайда, кәсiпорындар реттелмей қалған келiспеушiлiктердi төрелiк сот немесе осы даулы iстi қарай алатын басқа органдардың қарауына жiбермесе, екiншi тараптың шарт бойынша ұсынысы қабылданды деп есептеледi. 20. Шартты өзгерту немесе бұзу қажет деп есептеген кәсiпорын бұл туралы келесi тарапқа шарт бойынша ұсынысын жолдайды. Шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныс алған кәсiпорын ұсынысты алғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей жауабын беруi керек. Шартты өзгерту немесе бұзу туралы келісімге келе алмаған кәсiпорындар, сондай-ақ жауап ала алмаған жағдайда олардың арасындағы дау мүдделi тараптардың арызы бойынша төрелiк сотта немесе осы дау ведомстволық жағынан бағынышты басқа органдарда шешiледi. 21. Кәсiпорын екiншi тарапқа белгiленген тәртiппен шарт жасасу туралы ұсыныс (оның жобасын қоса салады) жiберуге мiндеттi болып, бiрақ бұл мiндеттi орындамаған жағдайда мүдделi тарап оларға жоба қолға тиюге тиiс күннен бастап 10 күн мерзiм iшiнде шарт жасасу туралы талап қояды. Осындай талапқа жауап оны алғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс. Белгiленген мерзiмде жауап алынбаса, сондай-ақ қолдау таппаған жауап алғанда, мүдделi тарап 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей төрелiк сотқа немесе осы даулы тиiстi шеше алатын басқа органдарға iздеу салуға хұқылы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |