| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына дипломатиялық паспорттар берудi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасының Дипломатиялық паспорты туралы осыған қосылған ереже бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі дипломатиялық паспорттарды беру кезiнде осы Ереженi қатаң басшылыққа алатын болсын.
Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 27 қазандағы № 1066 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты туралы ЕРЕЖЕ 1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары шыққан, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрған және Қазақстан Республикасына келген кезiнде оның жеке басын куәлендiретiн құжат болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты әлемнiң барлық мемлекетiне Қазақстан Республикасынан шығу үшiн жарамды. 3. Қазақстан Республикасы дипломатиялық паспортының үлгiсiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң табыс етуi бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. 4. Дипломатиялық паспорт 5 жыл мерзiмге берiледi. 5. Дипломатиялық паспорт осы Ережеге қосымшада көрсетiлген лауазымды адамдарға берiледi. 6. Дипломатиялық паспортты Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң консулдық қызметi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдегi дипломатиялық және консулдық мекемелерi осы ережеге сәйкес бередi. 7. Дипломатиялық паспорты бар адамдармен бiрге бара жатқан ерлi-зайыптыларға, 18 жасқа дейiнгi балаларға да дипломатиялық паспорт берiледi. 16 жасқа дейiнгi балалар ата-аналарының бiрiнiң паспортына жазылып қояды. 8. Дипломатиялық паспорт шет елде жоғалған жағдайда бұл жайында паспорт иесi Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiне, ал егер республика аймағында жоғалған болса - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне дереу мәлiмдеуге мiндеттi. Жоғалған паспорттың орнына жаңасын беру оның жоғалуы туралы хабар тексерiлгеннен кейiн жүргiзiледi. 9. Дипломатиялық паспортты беру үшiн ақы төлеттiрмейдi. 10. Дипломатиялық паспорттардың бланкiлерi қатаң түрде есеп беретiн құжат болып табылады. Олар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң өтiнiмi бойынша жасалады. Дипломатиялық паспорттарды есепке алуды, сақтауды және жоюды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады. 11. Азаматтар шет елдегi сапардан қайтып оралғаннан кейiн дипломатиялық паспорттар бiр апталық мерзiмде Сыртқы iстер министрлігіне тапсырылуға тиiс. Паспорттар өткiзiлгеннен кейiн олардың сақталуы үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне жүктеледi.
12. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі дипломатиялық паспорттардың жаңа үлгiлерi халықаралық қоғамдастыққа табыс етiлуiн қамтамасыз етедi. ЕСКЕРТУ: Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорттары жасалып, айналымға қабылданғанға дейiн бұрынғы КСР Одағының Қазақстан Республикасының азаматы екендiгi туралы белгiсi бар дипломатиялық паспорты жарамды деп саналсын.
ҚОСЫМША
ҚР Министрлер Кабинетінің 1996.05.06. № 702 қаулысымен; 1996.20.08. № 1031 Қаулысымен тiзбе өзгертiлді
Дипломатиялық паспорт берiлетiн лауазымды адамдардың ТIЗБЕСI Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Вице-президентi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасарлары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшiлерi Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi мен Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңесiнiң хатшылары Қазақстан Республикасының Президентi Аппаратының Басшысы, Жоғарғы Кеңесi Аппаратының Басшысы және Министрлер Кабинетінің Iс Басқарушысы Қазақстан Республикасы Президентінің, Вице-президентінің, Жоғарғы Кеңесi Төрағасының және Премьер-министрiнiң кеңесшiлерi Қазақстан Республикасының Президентi Аппараты Басшысының және Министрлер Кабинетi Iс Басқарушысының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентінің, Жоғарғы Кеңесi Төрағасының және Премьер-министрiнiң баспасөз хатшылары Қазақстан Республикасының Президентi, Вице-президентi, Жоғарғы Кеңесi Төрағасының және Премьер-министрi секретариаттарының меңгерушiлерi мен көмекшiлерi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жеке өкiлдерi мен Премьер-министрiнiң өкiлдерi, Қазақстан Республикасы Президентінің аймақтардағы өкiлдерi тобының басшысы Қазақстан Республикасының Президентi Аппаратының, Жоғарғы Кеңесi Аппаратының және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының бөлiм меңгерушiлерi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы мен мүшелерi Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы мен мүшелерi Қазақстан Республикасы Жоғары төрелiк сотының төрағасы мен мүшелерi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң халық депутаттары Қазақстан Республикасының министрлерi, мемлекеттік комитеттерiнiң төрағалары мен олардың бiрiншi орынбасарлары Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Бас бақылау инспекциясы мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағалары Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi мен олардың бiрiншi орынбасарлары Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы комитеттердiң (комиссиялардың), бас басқармалардың, агенттiктердiң бiрiншi басшылары "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патенттiк ведомство мен Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасының, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасының бiрiншi басшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Қазақтың ауыл шаруашылығы академиясының және Инженерлiк академиясының президенттерi, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің төрағасы және оның орынбасары, мемлекеттік Экспорт-импорт банкi мен Қазақстанның мемлекеттік даму банкi басқармаларының төрағалары, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің президентi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскер түрлерiнiң қолбасшылары Қазақстан Республикасының Президентi Аппаратының, Жоғарғы кеңесi Аппаратының және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының халықаралық қатынастар саласында (Қазақстан Республикасының Президентi Аппаратының Халықаралық бөлiмiнде, Жоғарғы Кеңесi Аппаратының Халықаралық байланыстары Протокол бөлiмiнде, Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының Сыртқы байланыстар және ТМД iстерi жөніндегі бөлiмдерiнде) жұмыс iстейтiн жауапты қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң дипломатиялық қызметкерлерi мен дипломатиялық курьерлерi Халықаралық ұйымдардағы Қазақстан Республикасы өкiлдiктерiнiң лауазымы дипломатиялық лауазымдарға теңестiрiлген қызметкерлерi Қазақстан Республикасының шетелдегi сауда өкiлдерi, Қазақстан Республикасының шетелдегi сауда өкiлдiктерiнiң кеңесшiлерi мен атташелерi Әскери атташелер, әскери-әуе атташелерi, әскери-теңiз атташелерi мен олардың көмекшiлерi Қару-жарақты шектеу және қысқарту саласында Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық шарттарға сәйкес, сондай-ақ Европадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес шеңберiнде өз мiндеттерiн орындаушы инспекциялық топтардың мүшелерi Қазақстан Республикасы Президентінің, Вице-президентінің, Жоғарғы Кеңесi Төрағасының, Премьер-министрiнiң күзет бастықтары Шетелдiк сапарға шығатын Қазақстан Республикасының ресми мемлекеттік және үкiмет делегацияларының мүшелерi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн адамдар Қызметiнен кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортын пайдалану құқығы мына адамдарға қалдырылады: Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Вице-президентi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |