|
|
|
«Қарағандыкөмір" Өндірістік бірлестігінің "Арнайышахтамонтаждаугазсыздандыру"
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: "Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң "Арнайышахтамонтаждаугазсыздандыру" басқармасы мен "Қарағандышахтақұрылысы" комбинаты жұмысшыларының жекелеген санаттарына осы жұмыстарда кемiнде 20 жыл iстегенде жасына қарамастан зейнетақы алуға құқық беретiн жұмыстар мен мамандықтардың қоса берiлген тiзiмi бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 ақпандағы № 126 қаулысымен Бекiтiлген
"Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң "Арнайышахтамонтаждаугазсыздандыру" басқармасы мен "Қарағандышахтақұрылысы" комбинаты жұмысшыларының жекелеген санаттарына осы жұмыстарда кемiнде 20 жыл iстегенде жасына қарамастан зейнетақы алуға құқық беретiн жұмыстар мен мамандықтардың Тiзiмi
"Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң "Арнайышахтамонтаждаугазсыздандыру" басқармасы бойынша "Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң "Арнайышахтамонтаждаугазсыздандыру" басқармасы бұрғылау қондырғыларының жерасты машинистерi. "Қарағандышахтақұрылысы" комбинаты бойынша 1. Кешендi бригадалар құрамында көмiр шахталарының күрделi кен және дайындау забойларында жабдықтарды монтаждау мен бөлшектеуде тұрақты жұмыс iстейтiн жерасты электрослесарьлары, жерасты тау-кен монтажшылары. 2. Мамандандырылған бригадалардың құрамында көмiр шахталарының күрделi кен және дайындау забойларында жабдықтарды монтаждау мен бөлшектеуде тұрақты жұмыс iстейтiн жерасты тау-кен монтажшылары. 3. Проходкалаушының тарифтiк-біліктiлiк сипаттамаларында көрсетiлген жұмыстарды орындайтын кешендi бригадалардың құрамында күрделi кен және жерасты забойларында тұрақты жұмыс iстейтiн жерасты электрослесарьлары, жерасты тау-кен жұмысшылары.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |