| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қарқара жәрмеңкесi Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Қазақстан Республикасының шетелдермен сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық байланысын дамыту және XIX-XX ғасырдың бас кезiнде Ұлы Жiбек жолында жұмыс iстеген Қарқара жәрмеңкесiн қайта түлету мақсатында: 1. Жыл сайын қыркүйек айында Алматы қаласында «Қарқара» халықаралық жәрмеңкесi өткiзiлетiн болып белгiленсiн. 2. Бiрiккен Ұлттар Ұйымына жәрдемдесудiң Қазақ республикалық ассоциациясын (БҰҰЖҚРА), «Атакент» Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығы «Акционерлік қоғамын тарта отырып, «Қарқара» халықаралық жәрмеңкесiн жыл сайын ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының Сыртбайланысминiне, Алматы қаласының әкіміне тапсырылсын. 3. «Атакент» Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығы «Қарқара» халықаралық жәрмеңкесiн жыл сайын өткiзетiн орын болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Сыртбайланысминiне БҰҰЖҚРА және «Атакент» Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығы» акционерлік қоғамымен бiрлесiп, «Қарқара» халықаралық жәрмеңкесi туралы» Ереженi әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекітуге табыс ету тапсырылсын. 5. «Қарқара-93» халықаралық мерейтойлық жәрмеңкенi өткізу мерзiмi 1993 жылғы 10-16 қыркүйек болып белгiленсiн. 6. «Қарқара-93» халықаралық мерейтойлық жәрмеңкенi ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекітілсiн (қосымша). 7. Ұйымдастыру комитетiне «Қарқара-93» халықаралық мерейтойлық жәрмеңкенi дайындау және өткізу жөніндегі шаралар жоспарын әзiрлеп, бекіту тапсырылсын. 8. Сыртбайланысминi Қазақстан Республикасының Қаржыминiмен келiсе отырып, 1993 жылғы 10 шiлдеге дейiн «Қарқара-93» халықаралық жәрмеңкесiне қатысушылар үшiн дайын өнiм экспортына арналған жеңiлдiктер жөнiнде ұсыныстар дайындап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн. Премьер-министр Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 25 маусымдағы № 248-ө өкімімен бекітілген
«Қарқара-93» халықаралық мерейтойлық жәрмеңкесiн ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетiнiң Құрамы
Ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы Жабагин А. Ә. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары Ұйымдастыру комитетi төрағасының орынбасарлары Әбiшев С. Ж. - Премьер-министрдiң орынбасары - Сыртқы экономикалық байланыстар министрi Нұрқадiлов З. Қ. - Алматы қаласының әкімі Есiмов А. С. - Алматы облысының әкімі Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi Абдоллаев Қ. А. - "Атакент" Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығы" акционерлік қоғамының президентi Дербiсов Е. Ж. - Қаржы министрi Iзтiлеуов Б. I. - Экономика министрi Есенғарин Н. Қ. - Көлiк министрi Желтиков О. И. - Сауда министрi Қанапиянов С. М. - Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң меңгерушiсi Құлманов М. Е. - БҰҰ-ға жәрдемдесудiң Қазақ республикалық ассоциациясының президентi Қырбасов Ә. М. - Сауда-өнеркәсiп палатасының президентi Мұртаза Ш. - "Қазақстан" мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының төрағасы Саламатин А. Ғ. - Өнеркәсiп министрi Сәрсенбаев А. С. - Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрi Тұрапов Қ. Т. - "Қазконтракт" АҚ концернiнiң президентi Тұрсынбаев Б. М. - Ауыл шаруашылық министрi Ульянов И. В. - Байланыс министрi Халықов Ғ. Х. - "Қазтұрғынкомшар" концернiнiң президентi Шевелев В. В. - Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының Мемлекеттік органдарда басқару бөлiмiнiң меңгерушiсi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |