|
|
|
Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы (2009.14.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығымен күші жойылды
1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы ереже; 2) Дипломаттық паспорт берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды тұлғаларының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы ережені бекіту туралы» 1993 жылғы 27 қазандағы № 1066 қаулысының күшін жоюды қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасының Президенті
Президентінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 59 өкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы Ереже 1. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты (бұдан әрі дипломаттық паспорт) Қазақстан азаматы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді атқару үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шыққан, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрған кездерде және Қазақстан Республикасына келген кезде оның жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. 2. Дипломаттық паспорт Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады. 3. Дипломаттық паспорт тиісінше ресімделген жағдайда Қазақстан Республикасынан әлемнің барлық мемлекеттеріне шығу үшін жарамды болып табылады. 4. Дипломаттық паспортты Қазақстан Республикасының осындай паспорт берілетін лауазымды адамдарының тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі береді. Сыртқы істер министрінің Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша ерекше жағдайларда тізбеде көрсетілмеген тұлғаларға дипломаттық паспорт беруге құқығы бар. 5. Ұзақ мерзімді шетелдік іссапарларға шығатын және дипломаттық паспорты бар адамдармен бірге жол жүретін жұбайларына, 18 жасқа дейінгі балаларына да дипломаттық паспорт беріледі. 16 жасқа дейінгі балалардың деректері ата-аналардың бірінің паспортына жазылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |