|
|
|
Талдықорған облысында «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғат паркiн ұйымдастыру туралы
Бiрегей табиғат кешендерiн, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң сирек, жойылып бара жатқан және ерекше құнды түрлерiн сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң және Талдықорған облысы әкімінiң Талдықорған облысының аумағында Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң қарамағында «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғат паркiн ұйымдастыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігімен - Ғылым академиясымен, басқа мүдделi министрлiктермен, мемлекеттік комитеттермен және өзге де орталық, жергiлiктi атқарушы органдармен келісілген ұсынысы қабылдансын. 2. «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғат паркiне тұрақты жер пайдалануға Кербұлақ ауданының жер пайдаланушыларының жерлерiнен 1-қосымшаға сәйкес жалпы көлемi 209553 гектар учаске берiлсiн. 3. Талдықорған облысының әкімі «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғат паркiнiң қызметiн қамтамасыз ету мақсатында, осы парктi құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiнде көзделген оның аумақтарын аймақтарға бөлуге орай, 2-қосымшаға сәйкес Кербұлақ және Панфилов аудандарының аралас жер пайдаланушыларының жер учаскелерiн паркке мақсатты түрде шектеп пайдалану құқығын беру жөніндегі мәселенi қарайтын болсын. «Жер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсанындағы Заң күшi бар № 2717 Жарлығына сәйкес парктiң жер пайдаланушы мүддесi қозғалған әрбiр ұйымдары бойынша тиiстi сервитуттарды әзiрлеп, бекiтсiн. 4. Қазақстан Республикасының Экономика және биоресурстар министрлігі, Талдықорған облысының әкімі республикалық бағыныстағы мемлекеттік мекеме нысанында жедел басқару құқығы негiзiнде iс-әрекет ететiн, табиғат қорғау, ғылыми және мәдени-ағарту қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға ретiнде «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғат паркiнiң жарғысын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен бекiтетiн болсын. Парктiң табиғи кешендерiн сақтау жөніндегі қажеттi режимдi, сондай-ақ сервитуттар шартымен аралас жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану тәртібін белгiлесiн. 5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi жергiлiктi жерлерде құрылатын мемлекеттік ұлттық табиғат паркiнiң шекараларын белгiленген тәртiппен орнатсын, осы парктiң тұрақты жер пайдалану құқығына ұсынылған жер учаскелерiне құжаттарды рәсiмдесiн. 6. «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғат паркiн 1996 жылдан бастап ұстауға кететiн шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаржылар есебiнен және соның шегiнде жүргiзiлсiн. 7. «Қапшағай мемлекеттік аңшылық-қорық шаруашылығын ұйымдастыру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1982 жылғы 9 желтоқсандағы № 465 қаулысының (ҚазССР ҚЖ, 1982 ж., № 246 102-бап) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Үкіметінiң 1996 жылғы 10 сәуірдегі № 416 қаулысына 1 Қосымша
Ұйымдастырылатын «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық
1. Жер учаскелерi алып қойылатын жер пайдаланушылардың атауы Тұрақты жер пайдалануға берiлетiн жер учаскелерiнiң аумағы, гектар (оның iшiнде) 2. Барлығы 3. Егiстiк 4. Көп жылдық екпе ағаштар (бақшалар) 5. Пiшендiктер 6. Жайылымдар 7. Сүрекбұтақты екпе ағаштары 8. Басқа да жер алаптары ___________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 ___________________________________________________________________ «Басши» ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсiпорны 186747 2230 45 1002 167334 6849 9287 Қапшағай мемлекеттік аңшылық-қорық шаруашылығы 22806 - - - 9383 - 13423 оның iшiнде: Алматы мемлекеттік қорығының бұрынғы учаскесi 18306 - - - 9383 - 8923 Малды жартылай ерiктi ұстау жөніндегі питомник (құландық) 4500 - - - - - 4500 _________________________________________________________________ Барлығы 209553 2230 45 1002 176717 6849 22710 Үкіметінiң 1996 жылғы 10 сәуірдегі № 416 қаулысына 2 Қосымша
Ұйымдастырылатын «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғат паркiнiң аумағын аймаққа бөлуге сәйкес жер учаскелерiнде
1. Жер учаскелерi сервитуттар шартымен пайдаланылуы мүмкiн жер пайдаланушылар атауы Жер учаскелерiнiң аумағы, гектар (оның iшiнде) 2. Барлығы 3. Ауыл шаруашылығы алаптары 4. Басқа да жер алаптары ___________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 | 4 ___________________________________________________________________ Кербұлақ ауданы «Қарашоқ» ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсiпорны 16000 13600 2400 Аманкелдi атындағы ұжымшар 37000 20000 17000 Шоқан атындағы ұжымшар 14880 13392 1488 Өмiрбековтiң шаруа қожалығы 2400 2400 - «Қазгидрометтiң» метобекетi 4 - 4 Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетi 20 - 20 Басши ауылдық (селолық) округi әкімінiң қарамағындағы елдi мекендердiң жерлерi 27103 26638 465 Панфилов орман-аңшылық кәсiпорнының жерлеріндегі ұзақ мерзiмге пайдаланудағы «Басши» ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсiпорнының жерлерi 8267 3603 4664 _________________________________________________________________ Аудан бойынша қорытындысы 105674 79633 26041 Панфилов ауданы «Айдарлы» ұжымшары 65400 48380 17020 оның iшiнде: Панфилов орман-аңшылық кәсiпорнының жерлеріндегі ұзақ мерзiмге пайдаланудағы 34739 27798 6941 «Қоңырөлең» агроөнеркәсiптiк кооперативтiк кәсiпорны 79000 63200 15800 _________________________________________________________________ Аудан бойынша қорытындысы 144400 111580 32820 _________________________________________________________________ Облыс бойынша барлығы 250074 191213 58861
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |